• Kazakh
  • Russian
  • English
2016 жылғы атаулы күндер тізбегі

ӘОЖ   059.3

КБЖ   91

Е 45

Құрастырушылар: Ш. Айткалиева – ақпараттық технология және библиография бөлімінің библиографы,

Г.К. Шарипова – ақпараттық технология және библиография бөлімінің библиографы.

Жауапты редакторы: Т.Е.Алимбекерова - М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасының директоры

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының ақпараттық технология және библиографиялық бөлімі жыл сайын Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтетін және еске алынатын атаулы күндер тізбегін екі тілде шығарып, оқырмандарға ұсынып келеді.

Күнтізбе кітапханашыларға, ғалымдарға,  оқытушылар мен студенттерге, магистранттарға, мәдениет және өнер қызметкерлерге және жалпы оқырмандарға арналады.

ӘОЖ   059.3

КБЖ   91

Құрастырушыдан

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының ақпараттық технология және библиографиялық бөлімі жыл сайын Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтетін және еске алынатын атаулы күндер тізбегін екі тілде шығарып, оқырмандарға ұсынып келеді.

Әдебиеттерді насихаттауда және өлкеміздегі көрнекті окиғаларды хабарлауда көрсеткіштің алатын орны ерекше. Көрсеткіште негізінен Батыс Қазақстан өңірінен шыққан, осы өңірде еңбек етіп, өмір сүрген атақты адамдардың мерейтойлары енгізілген. Сондай-ақ түрлі мекемелер мен кәсіпорындардың, қала, аудан, ауылдарға байланысты айтулы даталар берілген.

Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мейрамдар тізімдері мен Қазақстан Республикасының аумағында аталып өтілетін ресми, кәсіби мейрамдармен қатар дүниежүзілік көлемде аталып өтілетін айтулы күндер, әр түрлі мамандыққа байланысты мейрамдар тізімі берілген. Көрсеткіштің екінші бөлімінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін еске алынатын даталар тізімі, үшінші бөлімде айы мен күні белгісіз 2016 жылы еске алынатын күндер тізбегі көрсетіледі. Ал соңғы бөлімде облысымыздың тарихы мен мәдениетіндегі, экономикасы мен әлеуметтік өміріндегі көрнекі даталарға, қайраткерлердің мерейтойлық даталарының кейбіреулеріне қысқаша мәлімет жазылып, әдебиеттер тізімі берілген. Қысқаша мәлімет берілген даталар алғашқы бөлімде ерекше белгімен (*) көрсетілген.

Күнтізбе соңында есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген.

Көрсеткіш кітапханашыларға, оқытушылар мен студенттерге, мәдениет қызметкерлеріне және жалпы оқырмандарға арналған.

417000 Орал қаласы

Достық даңғылы, 162 үй

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Ғылыми кітапханасы

Тел: 51-29-88

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МЕЙРАМДАРЫ

1-2 қаңтар        Жаңа жыл

7 қаңтар            Рождество Хрестово

8 наурыз           Халықаралық әйелдер күні

22 наурыз          Наурыз мейрамы

1 мамыр            Қазақстан халықтарының бірлігі күні

7 мамыр            Отан қорғаушылар күні

9 мамыр             Жеңіс күні

6 шілде               Астана күні

30 тамыз            ҚР Конституциясы күні

1 желтоқсан      Тұңғыш президент күні

16 желтоқсан     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ БАСҚА МЕРЕКЕЛЕР

1. Геологтар күні – сәуірдің алғашқы жексенбісі;

2. Ғылыми қызметкерлер күні – 12 сәуір;

3. Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;

4. Саяси қуғын-сүргін мен аштық құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр

5. Химиялық өнеркәсіп қызметкерлері күні - мамырдың соңғы жексенбісі

6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күні - 4 маусым

7. Экологтар күні - 5 маусым

8. Қаржы полициясы күні - 6 маусым

9. Полиция күні - 23 маусым

10. Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні -маусымның екінші жексенбісі

11. Медициналық қызметкерлер күні - маусымның екінші күні

12. Байланыс және ақпарат қызметкрелері күні - 28 маусым

13. Дипломатиялық қызмет күні - 2 шілде

14. Ұлттық қауіпсіздік орган қызметкерлері күні - 13 шілде

15. Металлургтер күні - шілденің үшінші жексенбісі

16. Көлік қызметкерлері күні - тамыздың бірінші жексенбісі

17. Құрылысшылар күні - тамыздың екінші жексенбісі

18. Спорт күні - тамыздың үшінші жексенбісі

19. Шахтер күні - тамыздың соңғы жексенбісі

20. Білім күні - 1 қыркүйек

21. Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні - қыркүйектің бірінші жексенбісі

22. Қазақстан халқы тілдерінің күні - қыркүйектің үшінші жексенбісі

23. Атом саласы қызметкерлерінің күні - 28 қыркүйек

24. Әділет органы қызметкерлері күні - 30 қыркүйек

25. Мәдениет және өнер қызметкерлері күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі

26. Машинажасаушылар күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі

27. Мұғалімдер күні - қазанның алғашқы жексенбісі

28. Құтқарушылар күні - 19 қазан

29. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні - қазанның соңғы жексенбісі

30. Статистика күні - 8 қараша

31. Ұлттық валюта - теңге күні -15 қараша Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің төл мерекесі

32. Ауыл шаруашылық қызметкрелері күні - қарашаның үшінші жексенбісі

33. Прокуратура күні - 6 желтоқсан

34. Кеден органы қызметкерлері күні - 12 желтоқсан

35. Энергетика күні - желтоқсанның үшінші жексенбісі

 

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕР МЕН АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН КҮНДЕР

НАУРЫЗ

1   наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

23 наурыз - Дүниежүзілік метеорология күні

24 наурыз - Туберкулез ауруына дүниежүзілік күрес күні

27 наурыз - Халықаралық театр күні

30 наурыз - Жерді қорғау күні

СӘУІР

1  сәуір - Күлкі күні

1 сәуір - Құстар күні

2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні

7  сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні

11 сәуір- Фашистік концлагерьлер тұтқындарын азат етудің халықаралық күні

12 сәуір - Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні

18 сәуір - Тарихи және сәулет ескерткіштерінің халықаралық күні

23 сәуір –Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні

24 сәуір - Халықаралық жастар ынтымағы күні

26 сәуір - Халықаралық санаткерлік меншік күні

29 сәуір – Халықаралық би күні

30 сәуір - Бауырлас қалалардың дүниежүзілік күні

МАМЫР

3  мамыр - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні

5  мамыр - Халықаралық мүгедектер құқын қорғау күні

7  мамыр - Радио күні

7  мамыр - Отан қорғаушылар күні

7 мамыр -  Дүниежүзілік Қызыл Крест және жарты ай күні

12 мамыр - Медицина бикелерінің ынтымақ күні

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

17 мамыр - Халықаралық мұражайлар күні

21 мамыр - Халықаралық мәдени даму күні

31 мамыр - Саяси қуғын сүргін-құрбандарын еске алу күні

МАУСЫМ

1  маусым -  Халықаралық балаларды қорғау күні

4  маусым -  ҚР мемлекеттік рәміздерінің күні

5  маусым -  Дүниежүзілік тіршілік өрісін сақтау күні

17 маусым - Дүниежүзілік қуаңшылық және шөлейттенуге қарсы күрес күні

20 маусым - Дүниежүзілік босқындар күні

23 маусым - Халықаралық Олимпия күні

26 маусым - Нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы халықаралық күрес күні

26 маусым - Баспасөз күні

27 маусым - Дүниежүзілік балықшылық күні

28 маусым - Баспасөз күні

ШІЛДЕ

1 шілде -    Дүниежүзілік сәулет күні

6 шілде -   Астана күні

ТАМЫЗ

6 тамыз -   Ядролық каруға тыйым салу жолындағы дүниежүзілік күрес күні

12 тамыз - Халықаралық жастар күні

13 тамыз - Спорт күні

14 тамыз - Құрылысшылар күні

ҚЫРКҮЙЕК

1  қыркүйек - Білім күні

8  қыркүйек - Дүниежүзілік бейбітшілік күні

8  қыркүйек - Халықаралық журналистер ынтымағы күні

16 қыркүйек - Озон қабатын қорғаудың халықаралық күні

22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері күні

27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні

28 қыркүйек - Дүниежүзілік теңіз күні

30 қыркүйек - Дүниежүзілік сәбилер күні

ҚАЗАН

1  қазан - Халықаралық қарттар күні

3  қазан - Халықаралық музыка күні

5  қазан - Халықаралық дәрігерлер күні

5  қазан - Мұғалімдер күні

9  қазан - Дүниежүзілік пошта күні

14 қазан - Халықаралық стандарттау күні

18 қазан - Рухани келісім күні

22 қазан - Бүкіл дүниежүзілік ақпараттар тарату күні

24 қазан - Халықаралық БҰҰ күні

ҚАРАША

9  қараша - Дүниежүзілік сапа күні

10 қараша- Дүниежүзілік жастар күні

13 қараша - Халықаралық зағиптар күні

14 қараша - Дүниежүзілік диабетке (сусамыр) қарсы күрес күні

15 қараша - Ұлттық валюта- теңге күні

17 қараша - Халықаралық студенттер күні

19 қараша - Шылымқорлықтан бас тартудың халықаралық күні

26 қараша - Дүниежүзілік ақпарат күні

ЖЕЛТОҚСАН

1  желтоқсан - СПИД-пен дүниежүзілік күрес күні

3  желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күні

10 желтоқсан - Адам құқықтары күні

17 желтоқсан - Демократиялық жаңару күні


2016 жылы атап өтілетін және еске алынатын айтулы күндер тізбегі

ҚАҢТАР

1 қаңтар-Халық композиторы, күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 155 жыл (1861-1955) Жаңақала ауданы.

1 қаңтар-Қазақ композиторы Қапан Мусиннің туғанына 95 жыл (1921-1970)* Жәнібек ауданы.

5 қаңтар – жазушы, Қазақстанның Мемлекеттің сыйлығының лауреаты, Қайым Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл (1916-2004).

5 қаңтар – тарих ғылымдарының докторы, БҚО тарих және археология орталығының директоры Сыдықов Мұрат Наурызғалиұлының туғанына 60 жыл (1956), Орал қаласында туған.

7 қаңтар - Кеңес-ауған соғысына қатысқан Майданов Қайырболат Сайынұлының туғанына 60 жыл (1956-2000) Сырым ауданы.

11  қаңтар - Орыс химигі, 1847 жылы Бөкей хандығын зерттеген профессор Клаус Карл Карловичтің туғанына 220 жыл (1796-1864)

14 қаңтар - тарих ғылымдарының докторы, доцент Нұрғалиева Ағила Мұстахимқызының туғанына 65 жыл (1951)

25 қаңтар - Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан филормониясының құрылғанына 50 жыл (1966)

Қаңтар- Бөкей ордасының картасын түсірген зерттеуші,Г.С. Карелиннің туғанына 215 жыл

АҚПАН

1 ақпан - физика-математика ғылымдарының кандидаты Тлеуғалиев Серік Хамзаұлының туғанына 70 жыл (1946)

9 ақпан - Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты қазақтың аса көрнекті, ақын М. Мақатаевтың туғанына 85 жыл (1931-1976).

11 ақпан – ғалым-маман, геолог – минералогия ғылымының докторы Роберт Мұсанович Құрманғалиевтің туғанына 80 жыл, Орал қаласының тумасы (1946-2004).

15 ақпан – экономика ғылымдарының кандидаты Сүлейменова Гүлнар  Науханқызының туғанына 55 жыл (1961)

18 ақпан - Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұқадес Есламғалиұлының туғанына 70 жыл (1946-2004)

19 ақпан - Ғалым, қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зимановтың туғанына 95 жыл (1921)

25 ақпан – Ұлы мемлекет қайраткері әрі қолбасшы Абылай ханның  туғанына 305 жыл (1711-1781)

27 ақпан - Дәулеткерей атындағы ұлт аспаптар оркестрінің құрылғанына 15 жыл (2001)

28 ақпан – Қазақ поэзиясының алыбы, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл (1846-1945)

28 ақпан - Әскери қайраткер, генерал-майор, қазақтан шыққан тұңғыш генерал Шәкір Жексенбаевтің туғанына 115 жыл (1901 -1988) Бөкей орда ауданы.

НАУРЫЗ

16 наурыз - Батыс Қазақстанда «Қазақстан» газетінің алғашқы номерінің шыққанына 105 жыл (1911-1913)

21 наурыз - Мемлекет қайраткері Әбдірахман Әйтиевтің туғанына 130 жыл (1886-1936) Теректі ауданы.

26 наурыз -Өлкетанушы, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Евгений Иванович Коротиннің туғанына 90 жыл (1926) Орал қаласы.

30 наурыз -  Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері ЬІқсанов Мұстахым Біләлұлының туғанына 90 жыл (1926—1991)* Жәнібек ауданы.

31 наурыз - Азамат соғысының батыры Е.П.Почиталиннің туғанына 135 жыл (1921-1943)

СӘУІР

1 сәуір – Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының құрылғанына 55 жыл (1961)

12 сәуір - Орал қаласындағы бастауыш кәсіптік білім беретін №4 кәсіптік-техникалық мектебінің ашылғанына 60 жыл (1956)

23 сәуір - Орал қаласында жерленген Белорус ақыны Змитрок Бедуляның туғанына 130 жыл (1886-1941)

24 сәуір - «Хаймат» неміс диаспорасы» мәдени-ағарту қоғамының құрылғанына 25 жыл (1991)*

26 сәуір – татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың туғанына 130 жыл (1886-1913)

29 сәуір – Педагог, фольклорист, музыка танушы, қоғам қайраткері Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 110 жыл (1906-1968)

30 сәуір - Орал қаласында солдаттар аналарының комитеті құрылғанына 25 жыл (1991)

Сәуір - Исатай Тайманов бастаған қазақ шаруалар көтерілісіне 180 жыл

МАМЫР

13 мамыр - Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Сейтімов Айбар Ғалымұлының туғанына 55 жыл (1961-2011).

15 мамыр - ақын және драматург Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың туғанына 90 жыл (1926-1994)

15 мамыр - Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың алғашқы жоғары білімді дәрігерлерінің бірі Есенғұлов Ғұмар Қожақметұлының туғанына 130 жыл (1886-1930) БҚО

18 мамыр – Қазақ ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Олжас Сүлейменовтың туғанына 80 жыл (1936)

24 мамыр- Композитор, педагог, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, алғашқы кәсіпқой қазақ пианисі Нағим Меңдіғалиевтің туғанына 95 жыл (1921) Жаңақала ауданы.

25 мамыр - Күйші, қазақ халқының композиторы Сейтек Оразалыұлының туғанына 155 жыл (1861-1930)* Бөкей орда ауданы.

26 мамыр - Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның жоғарғы мектеп қызметкері Ермұханов Бейімбет Бәбектіұлының туғанына 80 жыл (1936) Бөкей орда ауданы.

МАУСЫМ

14 маусым - Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Сырым Жәлел Сырымұлының туғанына 70 жыл (1946)

16 маусым - Биология ғылымдарының кандидаты, биоэколог, доцент Байдулова Людмила Александрқызының туғанына 70 жыл (1946)

22 маусым - Ғалым, педагог, биология ғылымдарының докторы, профессор Есенбай Ағелеуовтың туғанына 80 жыл (1936-1996)*

26 маусым – Биология ғылымдарының кандидаты, профессор Петренко Анатолий Захарұлының туғанына 80 жыл (1936 -2010)

26 маусым - Ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты,  доцент Әлжанова Бағдагүл Сақтанқызының туғанына 55 жыл (1961)

27 маусым – Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қожабергенова Қамида Иқсанқызының туғанына  70 жыл (1946)

ШІЛДЕ

16 шілде - композитор, педагог, Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Л. А. Хамидидің туғанына 115 жыл (1906-1983)

27 шілде – Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмашев Бақыт Құттыжылұлының туғанына 80 жыл (1936)

30 шілде - Орал қаласында ауыл шаруашылығы мектебінің ашылғанына 25 жыл (1991)

Шілде – Батыс Қазақстан облыстық филармонияға Ғ.Құрманғалиев есімі берілгеніне 20 жыл

ТАМЫЗ

2 тамыз - Халық композиторы Мұхит Мерәліұлының туғанына 175 жыл (1841-1918)* Қаратөбе ауданы.

7 тамыз - Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Шарабасов Серікқали Ғабдешұлының туғанына 70 жыл (1946)

12 тамыз - Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің басталғанына 180 жыл (1836-1838)

25 тамыз - Ақын Марфуға Айтхожинаның туғанына 80 жыл (1936).

ҚЫРКҮЙЕК

5 қыркүйек - Журналист Тілекқабыл Боранғалиұлының туғанына 65 жыл (1951)

5 қыркүйек - Мемлекет және қоғам қайраткері, дииломат Есқалиев Нәжімеден Ықсанұлының туғанына 75 жыл (1941)

6 қыркүйек - Күйші, композитор Қазақстанның Халық әртісі Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмеловтың туғанына 65 жыл (1951)* Бөкей орда ауданы.

15 қыркүйек - алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, Батыс Алашорда қайраткері Қашқынбаев Иса Таумышұлының туғанына 125 жыл (1891-ө.ж.б.) Ақжайық ауданы.

20 қыркүйек - Журналист, қоғам қайраткері  Максим Темірболатұлы Сәрсеновтың туғанына 80 жыл (1936).

22 қыркүйек - Зерттеуші П.С. Палластың туғанына 275 жыл (1741 -1811).

28 қыркүйек – Педагогика ғылымдарының кандидаты Даришева Түймеш Малбағарқызының туғанына 55 жыл (1961)

29 қыркүйек- Ғалым, философия ғылымдарының докторы Марат Шамұратұлы Хасановтың туғанына 75 жыл (1941).

Қыркүйек - Орал қаласында алғашқы орыс-қазақ бастауыш мектептерінің ашыла бастағанына 155 жыл (1961).

ҚАЗАН

2  қазан - Айтыскер ақын Баймұқанова Ботагөздің туғанына 60 жыл (1956)

10 қазан – Қазақ ақыны Қасым Рақымжанұлы Аманжоловтың туғанына 105 жыл (1911-1955).

12 қазан - Мемлекет және қоғам  қайраткері, ауыл  шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген жоғарғы мектеп қызметкері X. Чуриннің туғанына 115 жыл (1901-1979), Бөкейорда ауданы.

13 қазан - Суретші Жоламанов Мұратбек Тауфиқұлының туғанына 50 жыл (1966-2000)* Сырым ауданы.

14 қазан-Ақын Хамит Ерғалиевтің туғанына 100 жыл (1916-1997)

15 қазан - Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайын Мұратбековтың туғанына 80 жыл (1936).

ҚАРАША

1 қараша – Орал медициналық колледжінің ашылғанына 100 жыл (1916).

2 қараша – Қазақ халқының аса көрнекті қоғам қайраткері, ғұлама ағартушы, жаңашыл педагог, этнограф, публицист, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл (1841-1889).

5 қараша – Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ахметов Мереке Ғұсманұлының туғанына 80 жыл (1936).

6 қараша - Облыстық Ж. Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының ашылғанына 145 жыл (1871)

7 қараша - Орыс жазушысы, 25-ші Чапаев дивизиясының комиссары Дмитрий Андреевич Фурмановтың туғанына 125 жыл (1891-1926)

10 қараша - Орыс жазушысы, этнограф В.И.Дальдің туғанына 215 жыл (1801)

16 қараша – Тарих ғылымының докторы, профессор, қоғам қайраткері Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туғанына 85 жыл (1931-2002)

16 қараша - Қостанай ауданы, Қобыланды селосында туған қазақ поэтессасы Мариям Хакімжанованың туғанына 110 жыл (1906-1995).

23 қараша - Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жигалин Николай Сергеевичтің туғанына 75 жыл (1941)

26 қараша - Өлкетанушы, ғалым, филология ғылымның кандидаты, доцент Ержанова Ұлдай Рысқалиқызының туғанына 60 жыл (1956)*

ЖЕЛТОҚСАН

7 желтоқсан - Ғалым, қазақ тілінің тұңғыш профессоры Басымов Қажым Аманғалиұлының туғанына 120 жыл (1896-1939) Казталов ауданы.

12 желтоқсан - Қазақтың халық композиторы Құрманғазы Сағырбаевтың туғанына 210 жыл (1806-1879) Бөкей орда ауданы.

13 желтоқсан - Ақын Жанғали Набиуллиннің* туғанына 80 жыл (1936-2015), Бөкей орда ауданы.

15 желтоқсан - Ғалым-математик, профессор Хасен Ибрашевтің туғанына 100 жыл (1916-1978), Казталов ауданы.

22 желтоқсан – Техника ғылымдардарының кандидаты Өтегенов Исатай  Өтегенұлының туғанына 65 жас (1951).

22 желтоқсан – Ғалым, техника ғылымдарының  докторы, профессор Ермек Сәтбайұлы Айталиевтың дүниеге келгеніне 65 жыл, Бөкей Орда ауданының тумасы (1951).

25 желтоқсан - Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың туғанына 75 жыл (1941)

30 желтоқсан - «Қарашығанақ» еңбек ұжымының апталық газеті «Панорама Карачаганака» газетінің шыға бастағанына 25 жыл (1991)

Айы мен күні белгісіз 2016 жылы еске алынатын күндер

Казақ батыры, қолбасшысы Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлының туғанына 440 жыл (1576-1656)

Үмбетей жыраудың туғанына 310 жыл (1706-1778)

Михайло -Архангел соборы салынғанына 275 жыл (1741)

Зерттеуші Н.П. Рычковтың туғанына 270 жыл (1746)

Кіші жүзден шыққан би, шешен Сары би Шоңғараұлының туғанына 255 жыл (1761-1838)

Ұлттық батыр, 1836-1838 жылдардағы Батыс Қазақстан аймағында өрбіген ірі ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлының туғанына 225 жыл (1791-1838) Бөкей орда ауданы.

Бөкей ордасының соңғы ханы Жәңгірдің туғанына 215 жыл (1801-1845) Бөкей орда ауданы.

Бөкей хандығының құрылғанына 215 жыл (1801).

Ақын,  Исатай-Махамбет бастаған  көтеріліс  жаршысы  Шынияз Жұбатұлының туғанына 200 жыл (1816-1889).

Генерал-майор. Кіші жүздің Орта бөлімінің билеуші сұлтаны Баймағамбетов Мұхаметжанның туғанына 200 жыл (1816-1896).

Жайық пен Еділ өзендерінің аралығындағы кеңістікте Бөкей хандығының еркін көшіп қонуына рұқсат еткен Александр I бұйрық хатына қол қойғанына 195 жыл (1821)

Орыс жазушысы, публицист, этнограф Сергей Васильевич Максимовтың туғанына 185 жыл (1831-1901)

Бөкей орда ауданы, Орда ауылының іргегасы қаланғанына 190 жыл (1926).

Бөкей ордасы, Жәңгір хан салдырған хан ставкасының құрылғанына 190 жыл (1926).

Жыршы ақын Марабай Құлжабайұлының туғанына 175 жыл (1841-1898) Теректі ауданы.

Орда екі сыныптық училищенің ашылғанына 175 жыл (1841).

Жәңгір ханның ұйымдастыруымен Бөкей жоғары - бастауыш училищесінің құрылғанына 175 жыл (1841)

Саяси қайраткер, өлкетанушы, ихтиолог - профессор Бородин Николай Андреевичтің туғанына 155 жыл (1861 -1934) Орал қаласы.

Тарихшы, өлкетанушы, публицист, ақын Ахилл Бонифантьевич Карповтың туғанына 150 жыл (1866-1911).

Қазақ халқының ғалымы және қоғам қайраткері, публицист, аудармашы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл (1866-1937).

Ақын, публицист, ұстаз, діни қайраткер Ғұмар (Омар) Қарашевтің туғанына 140 жыл (1876-1921).

Батыс Қазақстан өңірін, тарихын, мәдениеті мен этнографиясын зерттеген этнограф, фольклортанушы А. Е. Алекторовтың туғанына 135 жыл (1881-1918).

Белгілі орыс әншісі, артист Ф.И. Шаляпиннің Орал қаласында болып, өнер көрсеткеніне 125 жыл (1891)

«Бөкей ордасының мектеп альбомы» кітапшасының шыққанына 120 жыл (1896)

Мемлекет қайраткері, күйші Бөкейханов Ғайдол-Хакімнің туғанына 120 жыл (1896-1938) Бөкей орда ауданы.

Оралдағы коммерциялық банк ғимаратының іргесі қаланғанына 120 жыл (1896)

Мемлекет қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Ізмұқан Құрамысовтың туғанына 120 жыл (1896-1938)

Карев үйінің салынғанына 115 жыл (1901)

Батыс Қазақстан облыстық тарихи - өлкетану мұражайының құрылғанына 110 жыл (1906)*

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Анатолий Маркович Скоробогатовтың туғанына 110 жыл (1906-1944) Тасқала ауданы.

Ғалым, филология ғылымының кандидаты Бейісов Темірдің туғанына 105 жыл (1911 -1955) Жаңақала ауданы

«Қазақстан» газетінің шыққанына  105 жыл (1911-1913)

«Еңбекші қазақ» газетінің шыққанына 95 жыл (1921)

Жәнібек ауданының кітапханасының ашылғанына 80 жыл (1936)

Тарихшы В.Ф. Шахматовтың «Бөкей ордасы және Исатай Тайманұлының көтерілісі» атты монографиясының жарық көргеніне 70 жыл (1946)

Әнші, термеші, жырау Көшерғали Макаровтың туғанына 65 жыл (1951)

13 желтоқсан - Ақын Жанғали Набиуллиннің* туғанына 80 жыл (1936-2015) Бөкей орда ауданы.

Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жанғали Набиуллин 1936 жылы 13 желтоқсанда бұрынғы Жаңақала ауданы Саралжын ауылында, қазіргі Бӛкейорда ауданының «Құрманғазы» ауылдық округіндедүниеге келген. 1960 жылы Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогикалықинститутының филология факультетінойдағыдай бітіріп шықты. Жаңақала, Жалпақтал аудандарында, Батыс Қазақстан,  Маңғыстау облыстықгазеттерінде кызмет істеді. Қазақстан  Жазушылар Одағының кеңесшісі болды. Кейін республикалық «Аққұс», облыстық«Орал ӛңірі»,«Серпер» басылымдарында қызметте болды. Оның алғашқы бір топ өлеңдері «Жас дәурен»атты ақын-жазушылардың топтама өлеңдер жинағында 1961 жылыжарияланды, ал1977 жылы ӛлеңдері «Қазақ кеңес поэзиясының антологиясына» кірген.1967 жылы «Жазушы» баспасынан Жанғалидың «Ақ жаңбыр»атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Ақынның тырнақалды кітабын «Ақ жаңбыр» деп атауының өзі-ақ кітаптың бүкіл тынысын, жас таланттың байсалды ой түйінін анықтап тұрғандай.Жинақкітаптарына енген өлеңдердің тақырыптары негізінен-соғыс, бейбітшілік, заман тағдыры,туған жерге деген сүйіспеншілік, замандастардың ой-арманы, еңбектегі ерлігі, жастарға үлгі-өнеге боларлық тебіреністер.Сондай-ақ Жанғали Набиуллинніңқаламынан «Таныс ҽуендер»(1968ж), «Ақ сҿйле жүрегім»(1970ж), «Орда - қаһармандар қаласы» (1972ж), «Қасқағым»(І983ж),«Жырлайды жылдар» (1985ж), «Жоғары кернеу» (1989ж), «Жетінші перне» (2001-2006 жж) атты 5 томдық жинағы жҽне «Он сегіз жасқа толмаған махаббатым» (2009ж) ҿлеңдер жинақтарыжарық көрген.Ж.Набиуллин Жаңақала ауданының және Орал қаласының құрметті азаматы.

Әдебиет:

1. Набиуллин Ж. Ақ жаңбыр: өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1967.-56 б.

2. Қайырбеков, Ғ. Жаңа ұрпақ,жас өркен:[Облыс ақыны Жанғали Набиуллиннің шығармашылығы туралы]/ Ғ. Қайырбеков // Жұлдыз.-1969.-No5.-144-148 б.

3. Набиуллин Ж. Ақ сөйле, жүрегім: өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1970.-80 б.

4. Набиуллин Ж.Орда қаһармандар қаласы: өлеңдер,поэмалар.-Алматы: Жазушы, 1972.-72 б.

5. НабиуллинЖ. Көзімдегі сурет:өлеңдер.-Алматы: Жазушы,1979.-264 б.

6. Набиуллин Ж. Қас қағым:жыр кітабы.-Алматы: Жазушы,1983.-88 б.

7. Набиуллин, Ж. Жетінші перне [Мәтін]: әзіл әңгімелер / НабиуллинЖ. ; жауапты ред. А. Бектұрғанов. - Орал: Полиграфсервис, 2002. - 1000 дана. - ISBN 5-7667-95-89-0 4-кітап : . - 184 б. : 285 тг.

8.Набиуллин, Ж. Жетінші перне [Мәтін] : таңдамалылар / Набиуллин, Жанғали; . - [Орал] : Полиграфсервис, 2001. - 1000 дана. - ISBN 5-7667-9526-2 1-кітап: . - 279 б., портр. : 330 тг.

9. Неталиев, М. Ақын ақиқаты:[ақын Ж.Набиуллиннің «Қас-қағым» кітабы жайында]/ М. Неталиев // Орал өңірі.-1983.-7 шілде.

10.Неталиев, М.Сенім шуағы:[Ж.Набиуллиннің «Қас-қағым» кітабына сын]/ М. Неталиев // Жұлдыз.-1984.-No1.-175-177 б.

11. Набиуллин Ж. Жырлайды жырлар: өлеңдер, поэмалар.-Алматы: Жазушы,1985.-192 б.

12.Набиуллин Ж. Алғы шегі:өлеңдер.-Алматы,1987.-152 б.

13. Набиуллин Ж. Жоғары кернеу:өлеңдер.-Алматы: Жазушы,1989.-128 б.

14. Самиғоллаұлы, Ғ. Туған жердің жусаны да жұпар:[ақын Ж.Набиуллиннің мерейтойы аудандарда өтті] / Ғ.Самиғоллаұлы //Орал өңірі.-1996.-19 желтоқсан.

15. Сейтақ, Ғ., Құсайын Т. Жайықтың Жанғали ақыны: [Жанғали Набиуллиннің 60 жылдығы аталып өтті]/ Ғ. Сейтақ // Егемен Қазақстан.-1997.-28 қаңтар.

16.Нәріков, А.Ой мен сезім одағы немесе талант туралы толғаныс: [ Ж.Набиуллин «Жетінші перне»]/А. Нәріков // Орал өңірі.-2004.-10 сәуір.

17.Сисенғали, З. Жанғалидың жұлдызы қашан жанады?: [ақын Ж.Набиуллин туралы] / Сисенғали // Орал өңірі.-2006.-11 наурыз.

18. Шарабасов, С. Талғат биігіндегі кең тынысты ақын:[осыдан жарты ғасыр бұрын ӛлеңге деген сағыныштан қызуы көтерілген ақындардың бірі –Жанғали ақын]/ С.Шарабасов, , А.Қыдыршаев  // Жайық үні.-2006.-14 желтоқсан.-5 б.

19.Әділұлы, А. Жанғали набиуллиннің 70 жылға өмір тәжірибесінен/ А. Әділұлы // Қазақстан-zaman.,2007.-8 наурыз.-12 б.

20.Қуаныш, Т. Ақын Жанғали Набиуллин поэзиясындағы Көркемдік/ Т. Қуаныш //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2008.-No2.-111-114б.

21. Набиуллин Ж. Он сегіз жасқа толмаған махабаттым: өлеңдер мен толғаныстар.-Орал: Ағартушы, 2009.-193 б

22.Смағұлова, Т. Жетпісте де махаббатты жырлаған:[Ақ Жайық ақындарының бірі Ж.Набиуллин туралы]/ Т.Смағұлова //Орал өңірі.-2010.-16 қыркүйек.-24 б.

23.Арыстаналиева, Д. Посвящение поэту: [Ж. Набиуллину]/ Д. Арыстаналиева // Приуралье.-2011.-21 апр.-С.4

1 қаңтар

Қазақ композиторы Қапан Мусиннің туғанына

95 жыл (1921-1970)

Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Қапан Мусин 1921 жылы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген. Алғаш рет домбыра тартуды халық ақыны болған Халимадан (Халима Өтеғалиева) үйренген. Қапан Мусин 1934 жылы Алматы музыкалық техникумына түсіп, кейін 1939 жылы Мәскеу консерваториясының жанындағы қазақ студиясында оқыған. 1942 жылдан КСРО Композиторлар одағының мүшесі. 1941-43 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1954 жылы Қазақ консерваториясының Е.Г. Брусиловский класы бойынша бітірген. 1943-53 жылдары Қазақтың халық аспаптар оркестрінде және Қазақ драма театрында дирижерлік етті.

Дарынды композитор Қапан Мусин көптеген симфониялық поэма, кантата, ән, хорға арналған шығармалар, кинофильмдер мен спектакльдерге арнап музыка жазды. «Гүлденген Қазақстан» атты бірінші және үш бөлімді екінші симфониялар, «Жайлауда», «Халықтар бақыты үшін», «Колхоз тойы» секілді адуынды симфониялық поэмалар қалдырды. Оның 1967 жылы жазған «Таң Шолпан» операсы соңғы аяқталмаған ірі шығармасы болып қалды.

Әдебиеттер:

1. Мусин  Қапан: Өмірдерек //Батыс Қазақстан облысы; Энциклопедия.-Алматы, 2002.-397 6.

2. Мусин, Қапан: Өмірдерек //Алматы ақшамы.-2003.-31 шілде

3. Байділдаев, О. Симфония сазы: композитор Қапан Мусин туралы/ О. Байділдаев //Қанатты өнер.-Алматы, 1973.-35-36 6.

4. Тайшабаев, К. Сиқырлы симфония сазгері: Қапан Мусин/ К.Тайшабаев //Қазақстан заман.-2002.-12 сәуір

5. Қожахметұлы, Е. Қазақ халқының ән өнері : оқу құралы / Е. Қожахметұлы. - Астана : Фолиант, 2009. - 115 б., ноталы. - (Кәсіптік білім). - 1 000 дана. - ISBN 9965-35-663-7 : 725 тг.

6.Жұбанов, А. Замана бұлбұлдары : / А. Жұбанов. - Өнд., толық. 2-бас.. - Алматы : Дайк-пресс, 2009. - электрон. мәлім (дыбыс уақыты.: 17 сағ. 26 мин.48 сек.), 1 электрон опт. диск (CD-ROM) : дыб., түрлі-түсті - [т. ж.]. - ISBN көрсетілмеген : 7 852 тг.

7.Қазақтың дәстүрлі 1000 әні / ; жауап. шығар. Ғ. Доскен ; продюслер: А. Қырықбаев [ж. б.]; Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің орталық мемлекеттік киофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты ; "Қазақстан халқының рухани даму қоры" АҚ ; Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ; "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ. - [Алматы] : [Б. ж.], 2010. - (). - [Т. ж.]. - ISBN көрсетілмеген. - 1 қорапта 50 электрон. опт. диск МРЗ. - : 25 000 тг.

8.     9. Оразбаев, С. Тазарғың келсе, театрға бар/ С. Оразбаев//Егемен Қазақстан.-№8, 2015.-6 б.

30 наурыз

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ықсанов Мұстахым Біләлұлының туғанына

90 жыл (1926-1991)

Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахым Біләлұлы Ықсанов 1926 жылы 30 наурызда Жәнібек ауданы, Борсы ауылында дүниеге келген. Алматы темір жол техникумын, Қазақ ауыл шаруашылық институтының гидротехникалық факулътетін бітірген. Алматы қаласы, Фрунзе ауданы комсомол комитетінің хатшысы, Жетісай құрылыс басқармасының прорабы, өндірістік техникалық бөлімінің бастығы, бас инженері, басқарма бастығы кызметтерін атқарған.

1958-1961 жылдары Қазақтың Бетпақдала иррегация құрылысы тресінің бастығы болды. 1961-62 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Ильичев ауданының партия комитетінің бірінші хатшысы, кейіннен осы облыстың өлкелік су шаруашылығы басқармасының бастығы қызметін атқарды. 1963-1971 жылдары Қызылорда, Жамбыл облыстарында Партия комитетінің бірініші хатшысы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары, 1971-75 жылдары Қазақстан КПОК-нің хатшысы болды.

1975-86 жылдары Батыс Қазақстан облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Осы жылдарда ол облыс экономикасы мен мәдениетін арттыруда, әсіресе күрделі құрылысты дамытуда, сан алуан шаруашылық, оқу-ағарту, денсаулық, мәдениет салаларын дамытуға үлес қосты. Ленин, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.

Көрнекті мемлекет қайраткері М.Ықсанов атында Орал қаласында ұжымдық шаруашылық бар. Қаладағы Дмитрисв көшесіндегі ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған. 2001 жылы облыс орталығындағы №36 мектеп ауласында оған ескерткіш қойылып, сол мектепке аты берілді.

Әдебиеттер:

1. Айдаров, Д. Абзал азамат: Партия жәна мемлекет қайраткері М. Б. Ықсанов туралы/ Д.Айдаров //Ақиқат.-1996.-№3.-56-59 6.

2. Ақбаев, Ж. Елге сіңірген еңбегі көп: М. Ықсанов туралы/Ж.Ақбаев //Орал өңірі.-1996.-27 қаңтар

3. Ақышева, С. Тағзым мен тағлым: М. Ықсановтың туғанына 75 жыл/ С.Ақышева //Орал өңірі.-2001.-29 наурыз

4. Мұстахым Ықсанов/Құраст.Ж.Ақ6аев.-Орал, 2003.-70 б.

5. Құсайынов, Т. Бітімі бөлек тұлға: Орал облысының бұрынғы

басшысы М.Б. Ықсановтың есімі жерлестерінің жадында/ Т. Құсайынов //Егемен Қазақстан.-1996.-15 ақпан

6. Мұхамбетәлиев, X. Туған ел перзенті: М.Б. Ықсанов туралы/ Х.Мұхамбетәлиев //Жайық үні.-2001.-23 қараша

7. Ықсанов Мұстахым Біләлұлы; Өмірдерек //Батыс Қазақстан облысы: эпциклопедия.-Алматы, 2002.-535 6.

8. Ашибаев, Д.Р. Кто есть кто в Казахстане: Биографическая энциклопедия/Д.Р. Ашибаев.-изд.12-е, доп.-А., 2012.-1272с.

10. Бақтыгереева, А. Ықсанов/А. Бақтыгереева//Егемен Қазақстан.- №90-93,2012.-7 б.

24 сәуір

«Хаймат» неміс диаспорасының мәдени-ағарту қоғамының құрылғанына 25 жыл (1991)

«Хаймат» - облыстағы неміс диаспорасының мәдени-ағарту қоғамы 1991 жылы 24 сәуірде Орал қаласында ұйымдастырылған. Неміс тілінен аударғанда «Хаймат»- Отан деген мағынаны білдіреді. Қоғамның мақсаты: облыс аумағында тұратын неміс халқы өз тілін, дінін, салт-дәстүрін, тарихи отанын ұмытпасын деген тілекпен неміс ұлты өкілдерінің мәдени-рухани өміріге жан-жақты қолдау көрсету, неміс тілінде газет пен журнал шығару. 1996 жылдан бері осы «Хаймат» мәдени-ағарту қоғамы арқылы Германия Үкіметінің қаржыландырумен тұрмысы төмен отбасыларына тегін медициналық қызмет алуға (санаторийлерге бару, операция жасау, тіс салдыру) жағдай туғызылған. Қазір облыс көлемінде 2434 неміс ұлты өкілдері (1999) тұрады.

Әдебиеттер:

1. Дорнгоф, В. Ұлы мұрат жолында: неміс ұлттық мәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі В. Дорнгофпен сұхбат/В. Дорнгоф //Орал өңірі.-2003.-16 желтоқсан

2. Дорнгоф, В. Бір шаңырақтың астында: «Хаймат» неміс ұлттық мәдени-ағарту қоғамы/ В. Дорнгоф //Орал өңірі.-2005.-З наурыз

3. Ерегескен ел болмас, етектен кескен жең болмас: «Хаймат» мәдени-ағарту қоғамының төрағасы В.Ортпен сұхбат //Орал өңірі.-1991.-11 қыркүйек

4. «Хаймат» неміс диаспорасының мәдени-ағарту қоғамы //Батыс Қазақстан облысы Энциклопедиясы.-Алматы, 2002,-506 6.

3. Корина, Л. Все мы родом из детства/Л. Корина//Казахстанская правда.-№8, 2015.-С8.

12 мамыр

Философия ғылымдарының кандидаты, доцент Сейтімов Айбар Ғалымұлының туғанына 55 жыл (1961-2011)

Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Сейтімов Айбар Ғалымұлы 1961 жылы Жаңақала ауданы, Қисыққамыс аулында дүниеге келген.

1978 жылы орта мектепті, 1983 жылы Орал педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген. Осы кезден бері педагогикалық шығармашылық жұмыспен айналысып келеді. Бірнеше рет халықаралық, республикалық көрмелерге қатысқан.  Оның «Жаңақала», «Мешіт», «Капустин Яр» т.б. сыршырай жұмыстары көрермен қауымның жоғары бағасын алды.

Әдебиеттер:

1. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің тарихы. – Астана, 2003

2. Бейнелеу өнеріндегі көркем–шығармашылығының композиция шексіздігі //«Көркем–педагогикалық білім: жағдайы, тенденциялары мен келешегі» атты халықаралық ғылыми әдістемелік конференция. – Алматы, 2004.

3. Гегель формуласы және өнерге философиялық пайымдау //Ізденіс, 2001.-№6

4. Қазақ этносының дәстүрлі өнері //«Ұлттық мәдени мұра және оның қазіргі заманғы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.-2006.-б.155

5. Қазақ этносының тарихи шығармашылық үлгілерінің алғашқы көздері //Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Руханият мәселелері және діннің қазіргі қоғамдағы орны» атты халықаралық ғылыми практикалық еңбектері». - Т. 1. – Шымкент, 2001.

6. Рухани болмыстың тарихи тағдыры //Современность: Мир мнений. Философский альманах. – Вып. 5. – А., 2000.

7. Батыс Қазақстан энциклопедясы:энциклопедия.-А.:Арыс.-2002.-592б.т+48 бет суретті жапсырма

8.Сейтимов, А.Г. Живопись - это изобразительное искусство, эстетически отражающее действительность/А.Г. Сейтимов. // Высшая школа Казахстана. - 2010.-№2.-С.149-154

9.Сейтимов, А.Г. Композиция өзегі/ А.Г. Сейтимов. // Жұлдыз. - 2010.-№5.-Б.187-193

10.Сейтимов, А.Г. Көркем бейнедегі мазмұнның мәні/ А.Г. Сейтимов // Ақиқат. - 2010.-№7.-Б.60-62

11.Сейтимов, А.Г. Қазіргі қазақ этносының көркемдік дүниетанымы/А.Г.Сейтимов. // Высшая школа Казахстана. - 2010.-№2.-С.149-154

12.Жазира Жайық. Батыс Қазақстан суретшілері / авт., құраст. Қ. Мәдір ; Батыс Қазақстан облысы "Өнер" қоғамдық қоры . - Орал : [б. ж.], 2010. - 1 000 дана. - 978-601-7104-67-2(мұқ.)

13. Сейтимов, А.Г.Орнамент - великое наследство/А.Г. Сейтимов. // Мысль. - 2011.-№2.-С.53-56

25 мамыр

Күйші, қазақ халқының композиторы Сейтек Оразалыұлының туғанына 155 жыл (1861-1933)

Күйші-композитор, қазақтың төкпе күй әдібінің негізін салушы Сейтек Оразалыұлы 1861 жылы Бөкейорда ауданында дүниеге келген. Алғаш домбыра тартуды ағасы Шошақтан үйренген. Кейіннен Әлікей, Макар, Салауаткерей, Тұрып сынды өнерпаздармен кездесіп, репертуарын молайтқан. Оның «Арпалыс», «Ақ Еділ», «Бұлбұл Айша», «Орытпа», «Шарипа», «Жантаза», «Қарашаш», «Қалқаймақ» т.б. күйлері бар. Сейтек замана әділетсіздігіне қарсы шыққаны үшін қуғындалып, Орда, Иркутск, Астрахан, Бутырка (Мәскеу) түрмелеріне қамалды. 1997 жылы Сібірге жер аударылды. Осы кезеңде «Айдау», «Түңілдім», «Доман» атты күйлерін шығарды.

1905 жылы каторгадан босап, еліне оралады. Мұнда ол анасы мен баласының қайтыс болғанын естіп, өзінің қайғы-қасіретін «Жоқтау», «Ғазиз» атты күйлерінде бейнеледі. «Жігер», «16 жыл», терең психологиялық мазмұнға құрылған «Заман-ай» күйлері Сейтек шығармаларының жан-жақты өріс алғандығын танытады.

1923 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысып, өнер көрсетті. Ол түріктің күйлерінде қолданылатын негізгі бас пернені домбыраға пайдаланды. Бұл перне қазір дс «Сейтек перне» деп аталады. Сейтек ән де шығарған. Оның «Сейтек әнін» А. Затаевич «1000 ән» жинағына енгізген. Сейтек күйлері Қазақстан композиторларының шығармаларынан кең орын алды. 1940 жылы Л.Хамиди мен С.Шабельский «Сейтек» атты бір актілі музыкалық пьеса жазды. Ғ.Жұбанова Сейтектің «Заман-ай» күйін өзінің «Батырлық» атты симфониялық поэмасында пайдаланды. 1966 жылы жазушы Т.Әлімқұлов композитор туралы «Сейтек сарыны» повесін жазды. Сейтектің көптеген күйлері халық аспаптар оркестрінің негізгі репертуарына енді.

Әдебиеттер:

1. Әділәлиева, Р. Ордадан  шыққан  күйшілер:Сейтек Оразалыұлы 130 жыл/ Р.Әділәлиева //Орал өңірі.-2006.-1 тамыз.-б.3.

2. Қисметова, Ұ. Күйші Сейтек/ Ұ. Қисметова //Жайық үні.- 2004.-29 сәуір.

3. Сейдімбек, А.  Оразалыұлы Сейтек: Күйші/ А.Сейдімбек //Қазақтың күй  өнері.-Алматы, 2002.- 627-636 6.

4. Сейдімбек, А. Сейтек/ А.Сейдімбек //Орал өңірі.-2001.-16 қазан.

5.Сейтақов, Ғ. Домбыраның бір пернесі:[Сейтек Оразалыұлының туғанына 130 жыл толуына]/ Ғ.Сейтақов //Орал өңірі.-1991.-17 қазан.

6.Сейтек Оразалыұлы (1861-19ЗЗ)//Қазақтар: тоғыз томдық аңықтамалық.-Алматы: Қазақстан даму институты: ІІ том. Тарихи тұлғалар.-1998.-135-136 6.

7. Ілиясова, К. Даңқты күйші: [Сейтек Оразалыұлының туғанына 140 жыл толуы қарсаңында]/ Қ.Ілиясова //Орал өңірі.-2001.-17 наурыз.

8. Шүйіншәлиева, М. Ұрпағы жалғастырып күй өнерін: Сейтек атындағы облыстық домбырашылар байқауы/ М. Шүйіншәлиева //Орал өңірі.-2002.-16 ақпан

9. Исторические личности:Энциклопедия/сост. Б. Тогузбаев, А. Сужикова.-А.:Алматыкітап, 2007.-312с.

22 маусым

Ғалым, педагог, биология ғылымдарының докторы, профессор Есенбай Ағелеуовтың туғанына 80 жыл

(1936-1996)

Ағелеуов Есенбай (22.6.1936 Атырау облысы, Махамбет ауданы - 09.11.1996 Алматы) — ғалым, педагог, биология ғылымдарының докторы (1984), профессор (1985). Орал педагогика институтының жаратылыстану-география факультетін 1959 жылы, ал аспирантурасын (1965) бітірген. 1959-62 жылы Орал облысы комсомол комитетінің қызметкері, хатшысы болды. 1965-79 ж. Орал педагогика институтының жаратылыстану-геофия факультетінде оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, декан, ал 1979-85 ж. осы институттың ректоры болып қызмет атқарды. 1985 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазПИ-дің ботаника кафедрасының меңгерушісі болды. Есенбай Ағелеуовтың - шалғынтану мен өсімдіктану, жалпы геоботаника саласында танымал маман ретіңде Қазақстан ботаника ғылымының дамуына елеулі үлес қосты. Негізгі ғылыми еңбектері Батыс Қазақстанның флорасы мен шабындықтарын зерттеуге арналған. Ол — жалпы саны 120 ғылыми еңбектің авторы, 4 монография және 2 оқулық жазған.

Әдебиеттер:

1. Ботаника. Өсiмдiктер  анатомиясы  мен морфологиясы: Оқулық/Ред.басқ. Е. Агелеуов.-А.:Санат, 1998.-368 б.

2. Географический обзор пойменных лугов Урала//Ботаническая география Северного Прикаспия.-Л., 1974.-Вып.7

3. Пойменные луга реки Урал.-Алматы:Наука, 1982.-244 с.

4.  Флора поймы реки Урал.- Алматы, 1987.

5. Батыс Қазақстан энциклопедясы:энциклопедия.-А.:Арыс.-2002.-592б.т+48 бет суретті жапсырма

6. Меңдігереев, К.Б. Ғұмыры ғибратты ғалым/К.Б. Меңдігереев//Отан тарихы=Отечественная история.-№4, 2014.-Б.181-183.

2 тамыз

Халық композиторы Мұхит Мерәліұлының туғанына 175 жыл (1841-1918)

Атақты әнші, композитор, ақын Мұхит /шын аты Мұхамбеткерей/ Мерәліұлы 1841 жылы қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын совхозының Ақбақай деген жерінде дүниеге келген. Ол бала жасынан музыкаға, ою-орнек салуға икемді болды, бір естіген әнін даусымен үйреніп те, домбыраға салып та үйренді.

Мұхит «Айнамкөз», «Ақ айша», «Паңкөйлек», «Кербез қыз», «Зәуреш», «Алуаш», «Қилым», «Ақ иіс», «Дүние-ай», «Жаманқоңыр», «Кіші айдай», «Үлкен Айдай» деген тамаша лирикалық әндердің иесі, әрі сері Мұхит тек қана орындаушы әнші болмаған. Оның бойында үш ерекшелік тән бірінші-әннің сөзін өзі шығарушылық-ақындығы, екіншісі-сазын келтірушілік-композиторлық, үшіншісі- орындаушылығы. Оның үстіне ол жақсы домбырашы да болған.  Боғданың, Тазбаланың, адай Абылдың, Саулебайдың күйлерін орындап жүрген. Мұхит мұнымен шектелмей, өз жанынан күй де шығарған.

Мұхит жинаған байлық- ән, күй халық мұрасына айналып, таусылмас қазына болды. Жайық бойын түгел Бөксй, Гурьсв өңірін басып өтіп Орынбор, Арқа, Аралдан Қазалыға дейін ән айтып, ел кезді.

Мұхиттың әндерін таратушылар елде көп. Мұхитша ән салуды үйрететін мектеп қалыптасты. Оның негізін қалаушы дауыс дүниесінің халыққа танылған құдіреті-атақты Ғарифолла Құрманғалиев болды. Профессор Ахмет Жұбанов Мұхит туралы мақаласында: «Мұхиттың әншілік, күйшілік өнерін алып қалғанның  бірі-оның немере інісі Шайхы. Шайхыдан Мұхиттың немересі Лұқпан Мұхитов үйренген. Мұхит әндерінің көбін сол Лұқпан Мұхитов айтып берді. 1934 жылы бірінші Бүкілқазақстандық слетке келіп, Мұхит әндерінің шұрайлыларының бірқатарып орындап берген сол кездегі республиканың халық артисі Ғарифолла Құрманғалиев» делінген. Л.Затаевич Мұхитқа әдейі ден қойды. Оның Мұхитты «Қазақтың баяны» деп атауында қанша баға тұр, ал Брусиловский Мұхиттың «Бала Оразын») Пуччинидің стиліндегі ән деп ойламай айтқан жоқ.

Мұхиттың баға жетпес ән-күй мұрасын бізге жеткізгендердің қатарында балалары Шоң, Нәу, немерелері Шайхат, Ғұбайдолла және Тәмти Ибрагимова, Жаулыбай Қосыбаев, Ғарифолла Құрманғалиев, Нағима Әбілова, Операға, оркестрге әзірлеген композиторлар-Б.Ерзакович, Л.Шаргородский, С.Шебельский т.б. болды.

Мұхит 1918 жылдың қыркүйегінде қайтыс болды.

Әдебиеттер:

1. Ақбаев, Ж. Оралдан ән оздырған: Мұхит Мерәліұлының туғанына 150 жыл толуы қарсаңында/ Ж.Ақбаев //Орал өңірі.-1990.-24 тамыз.

2. Кәртен, Б. «Зәуреш - дала Реквиемі» Мұхиттың «Зәурешіне» қатысты жазбалар:Мұхит Мерәліұлы/ Б.Кәртен //Алтынорда.-2003.-24 қазан.

3. Құрманғалиева, М. Мұхит/ М. Құрманғалиева.-Астана:Фолиант, 2003.-1486.

4. Құттымұратұлы, Қ. Мұхит әні микрофонға сыймайды:[Оралда Мұхит әндерін орындаудан II Республикалық байқау өтті/ Қ. Құттымұратұлы //Жас Алаш.-2001.-26 маусым.

5.Қыдырниязова, Ш. Жүкті жұмыла көтерсек...[Мұхит баба мұрасына байланысты мәселе]/Ш. Қыдырниязова //Орал өңірі.-2003.-20 мамыр.

6. Мұхитова, Ғ. Ардақты атам жайын мен айтайын...[Мұхит Мералиевтің ұрпағы]/ Ғ.Мұхитова //Орал өңірі.-1991.-5 маусым.

7.Сағынов, Т. Әншіге құрмет жалғаса береді:[Мұхит Мерәліұлының туғанына 160 жыл/ Т.Сағынов //Орал өңірі.-2001 -26 наурыз.

8. Хасанов, Қ. Әнші Мұхит/ Қ.Хасанов.-Орал: Полиграфсервис, 2004.-116.

9. Құсайын, Т. Мұхит бабасының мұрасына адал әнші/Т. Құсайын//Егемен Қазақстан.-1 қараша, 2007.-9б.

10. Тұрмағамбетова, Б.Ж. Ғарифолла Құрманғалиев және Мұхит мұрасы/ Б.Ж.Тұрмағамбетова. // Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Ғарифолла Құрманғалиевтің музыкалық-педагогикалықмұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. - Орал - 2009. - С.23-28.

11. Қожахметұлы, Е. Қазақ халқының ән өнері : оқу құралы / Е.Қожахметұлы. - Астана : Фолиант, 2009. - 115 б., ноталы. - (Кәсіптік білім). - 1 000 дана. - ISBN 9965-35-663-7 : 725 тг.

12. Сабырғалиева, Н.Б. Қазақ музыка өнері тарихындағы мұхит мералыұлының орны/ Н.Б.Сабырғалиева // М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетің 80 жылдығына арналған "Жоғары оқу орнындағы білім,ғылым және инновация : кешегісі,бүгіні және келешегі " атты халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференциясының материалдары " - 2012. - 23. - С.209-211.

13. Жұбанов, А.Замана бұлбұлдары /А. Жұбанов. - Өнд., толық. 2-бас.. - Алматы: Дайк-пресс, 2009. - электрон. мәлім (дыбыс уақыты.: 17 сағ. 26 мин.48 сек.), 1 электрон опт. диск (CD-ROM): дыб., түрлі-түсті - [т. ж.]. - ISBN көрсетілмеген : 7 852 тг.

6 қыркүйек

Күйші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмеловтың туғанына 65 жыл (1951)

Күйші-композитор Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмелов 1951 жылы Бөкейорда ауданы, Саралжын ауылында дүниегс келді. 1978 жылы Алматы музыкалық училищесін, 1983 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірді.

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиясы оркестрінің домбырашысы. Жеке орындаушы ретінде шететелдерде (Францияда, Қытайда, Ауғанстанда т.б.) өнер көрсетті. Бірнеше күйі күйтабаққа жазылған. Қадыр Мырза Әлидің («Домбыра»), А.Асылбековтің («Ауылымды сағындым») сөзіне шығарған әндері республикалық конкурстарда жүлделі орын алды. Күйшілер Аманғали Макароұлы, Қ.Жантілеуовті, Рүстем Омаровты, Тілеш Бадиловты ұстаз тұтады.

Әдебиеттер:

1. Дарабоз талант иесі: Островский атындағы драма театрда Т.Шәмеловтың шығармашылық кеші өтті //Жайық үні.-2001.-25 қазан.

2. Қыстаубаев, Е. "Батыс өңірі күйдің туын тіккен жер":Күйші, композитор Тұяқ Шәмеловпен сұхбат /Е. Қыстаубаев //Орал өңірі.-2000.-25 қараша.

3. Тайшабаев, К. Күйші: Тұяқберді Шәмелов/К. Тайшабаев //Қазақ батырлары.-2002.-№5.-16 6.

4. Батыс Қазақстан энциклопедясы:энциклопедия.-А.:Арыс.-2002.-592б.т+48 бет суретті жапсырма

5. Тайшабаев, К. Мың тұяқтың дүбірі-бір Тұяқтың саусағы...:[Тұяқ Шәмелов-50 жаста]/ К. Тайшабаев //Алматы ақшамы.-2002.-18 мамыр.

6. Танымал тұлғаның пікірі; Тұяқ Шәмелов- ауылы туралы (Саралжын) //Орал өңірі.-2003.-30 қазан.

7. Тұяқберді Шәмелов: "Домбыра арқылы жылу сұраудан аулақпын"//Орал өңірі.-2004.-27 шілде.

8. Шамелов, Т. (1952): күйші/ Т.Шамелов //Алматы ақшамы.-2004.-16 қыркүйек.

Жұбанов, А. Замана бұлбұлдары  /А. Жұбанов. - Өнд., толық. 2-бас.. - Алматы : Дайк-пресс, 2009. - электрон. мәлім (дыбыс уақыты.: 17 сағ. 26 мин.48 сек.), 1 электрон опт. диск (CD-ROM) : дыб., түрлі-түсті - [т. ж.]. - ISBN көрсетілмеген : 7 852 тг.

13 қазан

Суретші Жоламанов Мұратбек Тауфиқұлының туғанына

50 жыл (1966-2000)

Суретші Жоламанов Мұратбек Тауфиқұлы 1966 жылы 13 казанда Жымпиты ауданы, Жосалы аулында дүниеге келген. 1985-1988 жылдары Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің көркемсурет-безендіру бөлімінде оқыған. 1990 жылы Алматы көркемсурет училищесінің живопись бөлімін үздік бітірген. 1991 жылы Сырым Датұлының 250 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында өткен.

Республикалық конкурста «Сырым батыр» атты портреті жүлделі орын алды.

1991-1996 жылдары Алматы театр, кино және көркемсурет институтында оқып бітірген. «Хан көтеру» атты дипломдық жұмысы ең үздік картина ретінде бағаланып, сол институттың қорында, ал өзі сонда қызметке қалдырылған. М.Жоламанов институт жанына Қазақстан жас суретшілер ұйымға құруға жетекшілік етті. Көптеген сурет көрмелеріне қатысқан. Денсаулығына байланысты 1997 жылы елге оралды. Тұңғыш жеке көрмесі 1999 жылы Орал қаласында өтті. Жоламановтың артында «Құлагер». «Рух шақыру», «Еділ-Жайық», «Күлтегін мен Білге туралы жыр», «Сарын», «Қазанат», «Тұмар», «Қорқыттың теңізге келуі», «Керей-Жәнібек», «Жаман ырым немесе қағанақтың құлауы», «Қызғыш құс», «Жекпе-жек», «Аттиланың елесі» т.б. картиналары қалды.

Әдебиеттер:

1. Жоламанов Мұратбек Тауфиқұлы: Өмірдерек //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-285-286 6.

2. Жасқалиева Б. «Мен суреті өлмеу үшін саламын»: Суретші Мұратбек Жоламанов туралы.//Егемен Қазақстан.-2004.-7 тамыз

3. Құттымұратұлы Қ. Құлагер тағдырлы суретші: талантты суретші Мұратбек Жоламанов туралы//Жас Алаш.-2000.-23 мамыр

4. Өмір дерек: Суретші Жоламанов Мұратбек туралы //Орал өңірі.-1999.-26 маусым

5. Батыс Қазақстан энциклопедясы:энциклопедия.-А.:Арыс.-2002.-592б.т+48 бет суретті жапсырма

6. Смағұлова Т. Иең қайда, Ақбоз ат?: М. Жоламанов туралы //Алтын орда.-2003.-16-22 мамыр

7. Шамұратова Ж. Жасын-ғұмыр: Суретші М.Жоламанов хақында сыр. //Орал өңірі.-2004.-14 желтоқсан.

8.  Кемелбаева, А. Мұратбек Жоламанов «Құлагер»/ А. Кемелбаева // Ақиқат.- 16 шілде, 2012 б.16-18.

9. Жазира Жайық. Батыс Қазақстан суретшілері / авт., құраст. Қ. Мәдір ; Батыс Қазақстан облысы "Өнер" қоғамдық қоры . - Орал : [б. ж.], 2010. - 1 000 дана. - 978-601-7104-67-2(мұқ.)

26 қараша

Филология ғылымдарынын кандидаты, доцент

Ержанова Ұлдай Рысқалиқызының туғанына 60 жыл (1956)

1956 жылдың 26 қарашасында Ресей Федерациясының, Саратов облысы, Ершов ауданы Новорепино аулында дүниеге келді. 1979 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

1980 жылдан қазақ тілі кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметін атқарып келеді.

1997 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында «Батыс Қазақстан топонимиясының этнолингвистикалық сипаты» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1998 жылы - филология ғылымдарының кандидаты.

1999 жылы ЖАК шешімімен доцент атағы берілді. Ы.Алтынсарин атындағы медальдың иегері. Бірнеше оқулықтар мен мақалалардың авторы.

2000 жылы доцент атағы берілді.

2005 жылы “Қазіргі  қазақ  тілі  синтаксисі” курсы бойынша  электронды  оқулығы жарық көрді.

Әдебиеттер:

1. «Ақжайық өңірінің топонимиясы»: тарихи этнолингвистикалық  зерттеу.-Алматы: Арыс баспасы, 2001.-171.

2. «Батыс Қазақстан облысы жер-су атауларының сөздігі».- Орал: «Полиграф сервис», 2001.-176 бет.

3. «Батыс Қазақстан облысының топонимиясы» атты жоғарғы курс студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне арналған арнаулы курс бағдарламасы.-Орал, 1999.

4. Батыс Қазақстан энциклопедясы:энциклопедия.-А.:Арыс.-2002.-592б.т+48 бет суретті жапсырма

5. Батыс Қазақстан облысындағы жер-су, елді мекен атауларының қалыптасу тарихы. //«Тіл саясатындағы ономастиканың орны» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция.-Орал, 2006 ж.

6. Жер-су атауларының терминдік сипаты. //«Қазақ тіліндегі терминжасам мәселесі». Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция.-Атырау, 2007.

7. «Қазіргі қазақ тілі» курсының фонетика саласы бойынша бақылау-пысықтау жаттығулар жинағы.-Орал: Ағартушы, 2000.

8. «Құрмалас сөйлем синтаксисі» атты электрондық оқулық.- Орал: БҚМУ, 2005.

9. Құрмалас  сөйлем   синтаксисі   бойынша бақылау-пысықтау жаттығулар жинағы.-Орал: БҚМУ баспа орталығы, 2009.

10. Синтаксис ғылымындағы кейбір өзекті проблемалар. //Ұстаз. Ғылыми-әдістемелік журнал.-2004.-№1.- 5-11 б.

11. Тілдің әлеуметтік табиғаты және тіл заңдары.//«Ғасырлар тоғысындағы  түркі өркениеті: саясат, экономика және мәдениет. Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция.-2006.- 58-61 б.

12. Ержанова, Ұ /Ғалым - ұстаз Серікқали Шарабасов және қазақ филологиясы мәселелері: облыстық ғылыми - практ. конф. материалдары. - Орал: Ағартушы, 2007. - Б.123-126

13.Ержанова, Ұ.Р. Қазіргі қазақ тілі синтаксисі: Бақылау-пысықтау жаттығулар жинағы/ Ұ.Р. Ержанова. - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және баспа орталығы, 2009. - 152c. -ISBN 9965-748-80-2.

13. Ержанова, Ұ.Р. Мемлекеттік тілді меңгертудегі тіл дамыту жұмыстары./ Ұ.Р. Ержанова // Озық педагогикалық тәжірибе мектебі: материалдардың жинағы. - Орал:БҚМУ,2009

14. Ержанова, Ұ.Р Қазіргі қазақ тілі синтаксисі.: Бақылау-пысықтау жаттығулар жинағы /Ұ.Р. Ержанова. - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және баспа орталығы, 2009. - 152c. -ISBN 9965-748-80-2.

15. Пірімжанова, А.Ә., Ержанова, Ұ.Р. Перифраз термині жайында негізгі түсініктер/ А.Ә. Пірімжанова, Ұ.Р.. Ержанова // Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 -жылдығына арналған "Жастар және ғылым" атты 69-шы студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы. - 2011. - 16. - 158-166.

16. Ержанова, Ұ.Р. Қазақ антропонимдерінің этнолингвистикалық сипаты/ Ұ.Р. Ержанова // Вестник ЗКГУ. - 2012. - С.325-3С.3С.3.

17. Ержанова, Ұ.Р. Қазақ антропонимдерінің этнолингвистикалық сипаты/Ұ.Р. Ержанова // БҚМУ Хабаршысы = Вестник ЗКГУ. - 2012. - 189-193 б.

18. Ержанова, Ұ.Р. Қазақ антропонимдерінің этнолингвистикалық сипаты/Ұ.Р. Ержанова // М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің хабаршысы. - 2012. - С.186-190.

19. Ержанова, Ұ.Р. Шешендіқ өнер және әдеби тіл/Ұ.Р. Ержанова // Вузовский сборник научно - методических работ "Совершенствование специалистов в педагогическом вузе". - 18 мая 2012. - 56-57.

20. Ержанова, Ұ.Р. Шешендіқ өнер және әдеби тіл/Ұ.Р. Ержанова // Вузовский сборник научно - методических работ "Совершенствование специалистов в педагогическом вузе". - 18 мая 2012. - 56-57.

21. Ержанова, Ұ.Р. Қазақ антропонимдерінің этнолингвистикалық сипаты/Ұ.Р. Ержанова // Вестник ЗКГУ. - 2012. - С.325-3С.3С.3.

22. Ержанова, Ұ.Р. Қазақ антропонимдерінің этнолингвистикалық сипаты/Ұ.Р. Ержанова // Вестник ЗКГУ. - 2012. - С.325-3С.3С.3.

23. Ержанова, Ұ.Р., Ақболатова, Л.Т. Жарнама тілін лингвистикалық тұрғыда эерттеу/ Ұ.Р.  Ержанова, Л.Т.  Ақболатова // Вестник ЗКГУ. - 2013. - 151-154.

24. Ержанова, Ұ.Р. Қазіргі заманғы ұлт тілінің алатын орны/Ұ.Р. Ержанова // Вестник ЗКГУ. - 2013. - 147-151.

Есімдердің алфавиттік көрсеткіші

«А»

Е. Ағелеуов                12, 31, 57, 77

Е.  С.  Айталиев         16, 61

Ы.  Алтынсарин         15, 59

А. Е. Алекторов         18, 63

М. Айтхожина            13,  58

Қ.  Р. Аманжолов       14, 58

М.  Ғ.  Ахметов          15, 59

«Ә»

Ә. Әйтиев                   10, 57, 59

Б. С. Әлжанова          13, 57

«Б»

М.  Баймағамбетов    17, 62

Қ. А.    Басымов         16, 60

З.   Бедуля                  11, 55

Л.  А.  Байдулова       12 , 56

Т.  Боранғалиұлы       14, 58

Ә.  Бөкейханов           18, 63

Н. А.  Бородин           18, 63

Ғ. Бөкейханов            19, 64

Т.  Бейісов                  19, 66

Б.  Баймұқанова         14, 58

«Д»

Т.  М.  Даришева       14, 58

В.И. Даль                    15, 60

«Е»

Х. Ерғалиев                 15, 59

Ұ.Р. Ержанова            16, 40, 60

М. Есламғалиұлы       10, 54

Ғ. Қ. Есенғұлов           12, 56

Н. Ы. Есқалиев            14, 58

«Ж»

Ж.  Жабаев                  10, 54

Жәңгірхан                   17,62

Ш. Жексенбаев           10, 54

Н. С.  Жигалин           16, 60

А.  Қ.  Жұбанов          11, 55

Ш.  Жұбатұлы            17, 62

Б. Қ.  Жұмашев          13, 57

М. Т.  Жоламанов      15, 38, 59, 81

«З»

С.Зиманов 10, 54

«К»

А. Б. Карпов               18, 63

К.  К.  Клаус                9, 53

Г.С. Карелин               9, 53

Е.  И.  Коротин           11, 55

«Қ»

Ж. Қасымбаев            16, 61

Ғ.  (Омар) Қараш       18, 63

И. Т.  Қашқынбаев     14, 58

Қ.  И.  Қожабергенова 13, 57

М.  .  Қозыбаев           15, 60

Р. М. Құрманғалиев   10, 54

І.  Құрамысов              19,  64

М. Құлжабайұлы        18, 62

«М»

С. В.  Максимов         17, 62

К. Макаров                  19, 64

Қ. Мусин                      9, 22, 53, 67

М.  Мерәліұлы            13, 33, 57, 79

Қ . Мұхамеджанов      9, 53

Қ. С. Майданов           9, 53

М. Мақатаев                10, 53

Н. Меңдіғалиев           12, 58

С.  Мұратбеков           15

«Н»

Ж.Набиуллин              16, 20,,  61, 650

Д. Нұрпейісова             9, 53

А. М. Нұрғалиева         9, 55

«О»

С.  Оразалыұлы           12, 29, 58, 75

«Ө»

И.   Ө.  Өтегенов         16, 61

«П»

П.С. Паллас                 14, 58

А. З. Петренко             13, 57

Е.П.Почиталин            11, 55

«Р»

Н.П. Рычков                17, 62

«С»

Қ. Сағырбаев                16, 60

М.  Т.  Сәрсенов           14, 58

Ж.  Б. Сейітқұлұлы      17,  62

А. М. Скоробогатов     19, 64

М. Н.    Сыдықов           9, 53

Г. Н.   Сүлейменова     10, 54

А. Ғ.  Сейтімов              12, 27, 56, 73

О.  Сүлейменов             12, 56

Ж.  С. Сырым                12, 56

«Т»

И.  Тайманұлы              17, 64

Б.  Т.  Тәжібаев              12, 56

С. Х.  Тлеуғалиев          9, 53

Ғ. Тоқай                          11, 55

«Ф»

Д. А.  Фурманов            15,  60

«X»

Л. А. Хамиди                 13, 57

М.  Хакімжанова           15, 60

М.  Ш.  Хасанов            14, 58

«Ч»

X. Чурин                        15, 59

«Ш»

С.  Ғ.  Шарабасов          13, 57

Ф.И. Шаляпин               18, 63

В.Ф. Шахматов             19

Т.  Қ.  Шәмелов             14, 36, 58

С.  Шоңғараұлы            17, 62

«Ы»

М. Б. ЬІқсанов               11, 24, 55, 69