• Kazakh
  • Russian
  • English
Radio Frequency Identification (RFID) құрылғысы іске қосылды!

Жаһандану үрдесіне сай электронды кітап пен электронды кітапхана күн артып дамып келеді. Қазіргі уақытта 74 университетте электронды кітапхана құрылып, 50000 аса білім беру ресурстарына қол жетімді болып отыр. Мұның бәрі жоғарғы оқу орындарындағы студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға, және басқа да заманауи ақпараттық білім беру жүйесіндегі электронды оқыту жүйесін алға жылжытады.

Дәлел ретінде, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында 2015 ж. қырқүйек айынан бастап RFID ( Radio Frequency IDentification, радиочастотная идентификация) жаңа технологиясы енгізілді. Бұл технология: қақпа, өзіндік жұмыс жасау терминалы,  ID  карточка, санау құрылы т.б. құрылғылардан тұрады.
RFID технологиясының тиімділігі оқу залына келген оқырман кезек күтпей кітапханашының көмегімен ашып кітап қорынан өзіне қажетті дерек көзін, яғни оқулықты таңдап тауып, өзіндік жұмыс жасау терминалына ID карточкасы арқылы тіркетіп алады. Қараша айының 1 жұлдызынан бастап жаңа ұлгідегі пластикалық оқырман билеті  арқылы  қызмет көрсету басталып кетті. Бұл карточка университетке кіру үшін рұқсатнама, оқу залын пайдалану үшін оқырман билеті ретінде қолданылады.
Студенттер назарына!
Оқырман билетін дайындау үшін IT бөліміндегі 223 кабинетке 3*4 фото, студент туралы жеке мәлімет тапсырылуы қажет.




Ғылыми кітапхана