• Kazakh
  • Russian
  • English
«Мен және кітап» фотожобасы

Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-на 145 жыл толуына арналған –өнер құжаттары секторының ұйымдастыруымен, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен, 20 қаңтар мен 20 сәуір аралығында «Мен  және кітап» фотожобасы ұйымдастырылды. «Мен және кітап» фотожобасы – бұл кітап оқу мен көркем әдебиетке деген қарым – қатынасты  насихаттауды бейнелейтін фотосуреттер байқауы.

Байқау қоғам назарын кітап оқу мәселелеріне, фотосурет мәдениеті арқылы кітап пен кітапхана  қадірін арттыру; жастарды кітап оқуға тарту, оқитын жастар бейнесін қоғамның азаматтық белсенді, мәдениетті бөлігі ретінде қалыптастыру, сондай-ақ фотосуретшілердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық белсенділігін арттыру, фотоөнерді насихаттау мақсатында өткізілді.
М. Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасының қызметкерлері бұл жобаға белсенді қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша «Менің жанұям және кітап» номинациясы бойынша Кадркулова Айнур жанұясы 2 орынға иеленсе, жалпы ұжымдық коллаж бойынша «Мен және кітап» номинациясында 3 орынды қанжығалады.
Бұл жобаға қатысудағы мақсат-кітап оқуға деген жастардың қызығушылықтарын қалыптастыру, шығармашылық ойларын іске асыруға мүмкіндік жасау, өскелең ұрпақты рухани дамуға, адамгершілікке тәрбиелеу және отбасылық оқуды дамытуды дәстүрге айналдыру.