Базы данных








 

Ел ағасы 60 жаста! Рахымжан Отарбаевпен кездесу кеші

Өнер адамзат бойына дарыған дарын. Рахымжан Отарбаев бір қасиетті алып күштің иесі, қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі, «Өрал өңірі» газетінің тілшісі, «Жайық жыры», «Дауысынды естідім» және тағы басқа   прозалық жинақтар мен «Нұржауған-ғұмыр», «Сырым батыр» сынды пьесаларының  қаламгер иесі, Махамбет сыйлығының лауреаты, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Айтматов академиясының академигі, «Ақжайық KZ» журналының бас редакторы, киелі қара шаңырағымыздың  түлегі.

Рахымжан Отарбаевтың мерейлі 60 жасқа толуына   арналған кездесу кеші университетіміздің акт залында 24 - қараша күні кең ауқымда өтті. Кеш барысында  М. Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, парасат ордерінің иегері Асхат Сәлімұлы сөз сөйлеп кеш шымылдығын ашты. Кештің мақсаты жас ұрпаққа Рахымжан Отарбаевтің өмір жолдарымен, әдебиет арнасына қосқан үлесін насихаттау.  Осы шараны жүзеге асыру барысында ғылыми кітапхана  ұжымы  ой-толғаныстарын жазған мақалаларымен кітаптарына арналған «Текті сөздің зергері» атты көрме ұйымдастырып, көрермен назарына ұсынды.