Базы данных








 

«Кітап-тарих, шежіре!»

Біз алдынғы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық
бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты
әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние
жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа
бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласынан

 

«Кітап-тарих, шежіре!»

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласы жарыққа шыққаны бәрімізге мәлім. Елбасымыз болашақ жастардың қолында, әр азамат туған тарихын, мәдениетін, білім мен ғылым жолында ізденпаз тұлға болуы міндетті деп атап өткен болатын. Кітап – нәзік те, тұнық әлем! Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. 1995 жылы 23 сәуір - «Дүние жүзілік кітап күні» деп жарияланды. Міне, содан бері бұл күн Ресейде, Германияда, Америкада, т.б шетелдерде  және өзіміздің Қазақстанда да өте жоғары деңгейде аталып өтілуде. Кітаппен жақын болғанның қашанда жолы – даңғыл. Ғылыми кітапхана  ұжымы 20 сәуір күні М. Өтемісов атындағы БҚМУ бас ғимараттың №209 дәрісханасында «Дүниежүзілік кітап пен авторлық  құқықты қорғау күні»   аясында «Кітап-тарих, шежіре!» атты шарасы  жүзеге асырылды. Шара кездесу мен ашық сұхбат ретінде  оздырылды. Елбасының «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құры­ла­тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс­піз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, цифрлы қызмет көрсету секіл­ді денсаулық сақтау, білім беру ісін­де қол­данылатын және басқа да салаларды дамыту керек»- деп айтқан болатын. Осы орайда көп оқулықтардың авторы, 3 тілде жазылған оқу-құралдары  бар, Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент физика-математика факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісімен, және 2015 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» марапатына ие болған Медешова Айгүл Бақтығалиқызы арнайы кешіміздің қонағы болды. Шара барысында  Астана қаласында өткен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты жобасына қатысып келген Рухани жаңғыру институтының директоры Тасмагамбетов Асет Сембаевич  студенттерге «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын   кеңінен таныстырып өз ойымен бөлісті. Аталмыш шараға 2017-2018 оқу жылының үздік оқырмандары  Жанұзақ А.Н. –   Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру 4 курс, Шайкенов А.Ж. – Қазақ тілі мен әдебиеті 2 курс, Ислам Г.Б. – Есептеу техникасы 4 курс, Дәулетбаева А.Т. – Филология орыс тілі 3 курс студенттері  атсалысып, өз ойларымен бөлісті. Шараға көрермен болып қатысқан оқырмандардың білімдерін тексеру мақсатында  кітапхана ұжымы 3 бөлімнен тұратын «Білім көзі- кітапта» атты ойын ұйымдастырылды. I бөлім – «Сұрақ-жауап»,  II  бөлім – «Мақалдың жалғасын тап»,     III бөлім   - «Тұлға келбетің танисызба?» Экранға суреттер беріліп, есімдерін табуға шақырды. Шара соңында Филология ғылымының кандидаты, филология факультетінің деканы Зиннолла Жақсылықұлы Мутеев, Педагогика ғылымының докторы, Мәдениет және өнер факультетінің деканы Абат Сатыбалдыұлы Қыдыршаев сөз сөйлеп, студент жастарды кітапты көп оқуға шақырды. Студент жастарды кітап оқуға шақырған замандастары Немат Келимбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Кобо АБЭ, Кэндзабуро ОЭ «Құм құрсауындағы әйел Бөтен Бет Жапон жаны» сынды әдеби кітаптарды оқуға шақырды. Аталмыш кітаптарды ұсына отырып, ешқашан қандай қиындық кездессе де, үміттің үзілмеуін, батылдыққа, құрсаудағы әйел сынды, құрсауда қалмай көп еңбектеніп, ізденпаз болуға шақырды. Кітапхана ұжымы «Кітап  – білімді қару еткен жаңа әлемдегі жаңа еліміздің озық та өнерлі өкілі болады, әр дайым биікке самғап жүріңіздер» - деп ақ тілектерді тілеп, Сақтайев Нұрсұлтанның  «Самға» әнмен шарамызды  қорытыңдылады.