• Kazakh
  • Russian
  • English

Ел рәміздері – еркіндік нышаны

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді»

Н.Ә.Назарбаев

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтық жарқын бейнесі. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаћармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап отыр. Осының бәрі - Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның қасиеттілігі сол, Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. 1992 жылдың 4- маусымы – тарихи күн. Осы тарихи күн аясында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың Ғылыми кітапхана ұжымының кітапханашылары студенттерге осы күнді насихаттау, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің қастерлі мерекелерін ұмытпай патриоттық тәрбие беру мақсатында №4 оқу залында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты шара оздырылды.

Шараға мәдениет және өнер факультетінің 1 курс, педагогика факультетінің 1, 3 курс, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 3 курс студенттері және педагогика-психология кафедрасының аға оқытушысы Кулдашова Надежда Устагалиевна қатысты. Шара барысында Еліміздің рәміздері жайлы |Серікқалиев Е, Жұмадинов Ә, Ахметова Қ баяндады.Кулдашова Н.У. шараға арналған көрмеге шолу жасады.Шара соңында Нұрмаған А. Көк тудың желбірегені рухты оятатын патриоттық әннің шығу тарихымен аяқтады. Аталмыш шара университетіміздің Тарих, экономика және құқық факультетінің №3 оқу залында жалғасын табады. Рәміздер – бұлар біздің еліміздің, Қазақстанымыздың, яғни Республикамыздың бет бейнесі, біз үшін биік, біз үшін қастерлі. Қазақстанның әрбір азаматы оларды құрметтеп, қастерлей білуі қажет.