• Kazakh
  • Russian
  • English
Жолдау – дамудың жаңа дәуірі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын талқылауға арналған шара өткізілді.

Шараға әр факультет студенттері, оқытушылар және кітапхана қызметкерлері қатысты. Гуманитарлық ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Жалекенова Гуля Тлековна және Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедра меңгерушісі Тұрар Төлегенұлы Шайхиев, тұрмыс сапасын жақсарту, медицина,білім беру, тұрғын үй шаруашылығы туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Филология факультетінің студенттері Серіков Бақытжан, Шурина Үміт Елбасымыздың Жолдауының жалғасын тапқанына қуанышты екенін және де бұл жолдауда «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларын атқарылып жатқан жұмыстарына көңілі толатынына, әрі қарай жалғасын табады деп ойлайды. Жастар жылы деп жарияланғанына қуанышты екенін, «Ауыл-ел бесігі» деген үлкен бағдарламаның қабылдануы біздің облысымыздағы ауылдардың қарыштап дамуына, халқымыздың әл-ауқатының артуына тікелей әсер етеді деп өз ойларын аяқтады. Оқытушылар Елбасының «Педагог мәртебесі туралы» заңды жасауға тапсырма бергені үшін шабыттандырғанын айтып өтті. Шара соңында ғылыми кітапхананың библиографы Жансая Өтемісқызы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу жасады.