• Kazakh
  • Russian
  • English
Virtual Exhibition 15

Мэнкью, Г. Н.

Экономикс, 4-халықаралық басылым [Текст] = Economics, 4 th edition / Г. Н. Мэнкью, М. П. Тейлор. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 848 б.

Аннотация: Экономикалық қатынас субъектілерінің барлығын мысалға ала отырып жазылған кітап бакалавриат деңгейінде білім беру мен оқытуға қажет тапсырма, сызба, сурет, кесте, кейстерді қамтиды. Кітап авторларының басты мақсаты- оқырманды экономист тұрғысынан ойлауға үйрету.





Фромкин, В.

Тіл біліміне кіріспе [Текст]. 10-басылым, Халықаралық басылым = An introduction to language : 10th edition / В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамс. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 608 б.

Аннотация: 12 тараудан тұратын кітапта тіл ғылымы, фонетика, грамматика, морфология мен синтаксис мәселелері баяндалады. Тілдік өзгеріс, тілді меңгеру, жазба тілдің негіздері, тіл және адам миы сияқты жекелеген мәселелер де қамтылған.

Шульц, Д. П.

Қазіргі психология тарихы [Текст]. 11- басылым = A history of modern psychology, 11th edition : 11th edition / Д. П. Шульц, С. Э. Шульц. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 448 б.

Аннотация: Оқырмандар бұл кітаптан бұрынғы басылымдарда жарияланбаған Фрейдтің хаттары, Екінші дүниежүзілік соғыстың Америка психологиясының өсіп-өркендеуіне еткен ықпалы сияқты бірқатар қызықты мәліметтермен таныса алады.

Куратко, Д. Ф.

Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика = Entrepreneurship theory, progess, pragtige. 10th edition. 10-басылым / Д. Ф. Куратко. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 480 б.

Аннотация: Бұл кітап ХХІ ғасырдағы экономикалық, қоғамдық жəне əлеуметтік дамудың басты қозғаушы күші болып саналатын кəсіпкерлік құбылысты теориялық жəне практикалық тұрғыдан зерделеуге арналған.

Рикки У. Гриффин

Менеджмент. 12-басылым= Management, 12th edition / Рикки У. Гриффин. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 480 б.

Аннотация: Кітап менеджмент саласында қалыптасқан дәстүрлі түсініктермен қатар, жаңа ұғымдар мен тұжырымдарды да қамтиды.

Дэвид Б. Бринкерхоф
Әлеуметтану негіздері. 9-басылым = Essentials of Sociology, 9th edition / Бринкерхоф Б. Дэвид. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 464 б.

Аннотация: Оқу құралы әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын, зерттеу әдістері мен теорияларын саралап, әлеуметтанушы мамандардың оқу орнындағы, үкіметтегі, бизнестегі, коммерциялық емес ұйымдардағы және қоғамдағы рөлін көрсетеді.

Кенни Э.
Батыс философияның жаңа тарихы. 1 том. Антика философиясы=A new history of western philosophy (volume 1). Ancient philosophy / Э. Кенни. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - б.

Аннотация: Ежелгі Жерорта теңізі маңындағы философияның тууы және өркендеуі, ойлау мен пай-ымдаудың өрісі жөніндегі бұл тамаша тарихи баян Батыстағы ой мен қоғам дамуының бағыт-бағдарына арналған.

Кенни Э.
Батыс философияның жаңа тарихы. 2 том. Орта ғасыр философиясы = A new history of western philosophy (volume 2). Medieval philosophy / / Э. Кенни. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - б.

Аннотация: эр Энтони Кенни Батыс философиясының жаңа тарихы жөніндегі еңбегін б.д.д. 400 жылдан, яғни христиандық және исламдық ой-сананың негізін салушылардан бастап, Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі аралықты қамтитын кезеңді баяндау арқылы жалғастырады.

Барнард А.

Антропология тарихы мен теориясы= History and theory in anthropology / А. Барнард. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - б.

Аннотация: Кез келген пәнді жете түсіну үшін оның тарихын білудің маңызы зор. Алан Барнард антропология пәнінің қалыптасуындағы көзқарастардың даму тарихын зерттеп, теориялар мен мектептердің шығу тегін талдап, түрлі идеялар төңірегіндегі пікірталасты сараптап, жүйелеген. Бұл оқулық – сол жұмыстың нәтижесі.

Ритцер Д.

Әлеуметтану теориясы. 10-басылым= Sociological Theory 10th edition / Д. Ритцер . - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - б.

Аннотация:

Әлеуметтану ғылымының даму ерекшеліктері тарихи тұрғыдан баяндалатын бұл кітапта авторлар әлеуметтану ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастармен ұштастырған.