• Kazakh
  • Russian
  • English
Халқының дара туған перзенті

Ұлттық әдебиетіміздің жаңа кезеңі ХХ ғасыр басындағы дәуірдің шындығын, қоғамдық ой – пікірдің дамуын, әдебиетті жаңа сатыға көтерген ірі суреткер, реалист ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жыл толуына орай М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапхананың ғалымдар залында «Мәңгі өшпес жарқын жұлдыз» атты әдеби кеш өткізілді. Аталмыш шараға оқытушылар құрамы мен филология, математика факультеттерінің студенттер құрамы қатысты. Әдеби кештің мақсаты Ұлы тұлғаның өлеңдері арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Шара барысында филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Шаекенов Жангелді Жұмақайұлы ақынның өмірбаяны мен көп қырлы және түрлі жанрдағы бай мұрасы мен өлеңдерінің жастарға берер мол мұрасымен бөлісті.

Шара барысында филология факультетінің 1- курс студенті Сламғали Аманжол ақынның «Шәкірт ойы» өлеңін, Фил -11 тобының студенті Алдабергенова Асел, 2- курс студенті Кінәмә Ернұр «Мен қазақ» өлеңін нақышына келтіріп толғаныс пен оқыды. С. Торайғыровтың озық шығармалары әдебиет дамуының желісін, кезеңін көрсетіп қоймайды сонымен бірге қазақ халқының сол замандағы қоғамдық ой – пікірінің зор белесі болып табылады. С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романынан үзінді қойылды.

Көрініске филология факультетінің 2- курс студенті Кінәмә Ернұр, 1- курс студенттері Серіков Бақытжан, Сламғали Аманжол, Умарова Камила, Алдабергенова Асел қатысып, өнерлерімен тәнтті етті. «Жырлайды жүрек» атты кітап көрмесінде ақынның өмірімен кітаптары тізбектелген. Кеш соңында ғылыми кітапхананың оқу залының меңгерушісі А.О.Габдуалиева студенттер құрамына өз ризашылығын білдірді.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың елі үшін еткен еңбегі ел есінде мәңгі сақталары сөзсіз.