• Kazakh
  • Russian
  • English
Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, студенттер мен магистранттар!

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасыбойынша 100 жаңа оқулық қолға алынды. Стивен Кови мен Ювал Hoaһ Харари еңбектері қазақшаға аударылды. Қазіргі заман кітаптары арасынан қазақшаға аударуға жастардың пікір алуандығын туғыза алатын қос автор арнайы таңдалған. Екі автордың шығармалары – Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» және Ювал Ноаһ Хараридің «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» кітабы қазақ тіліне аударылды.

Бұл қос кітап бұған дейін әлемнің 40 тіліне аударылып, 30 миллион данамен таралған. Қазақша басылып шыққан кітаптар еліміздің университеттері және кітапханаларына тегін таралады. Сонымен қатар кітаптардың электрондық нұсқасын интернеттен де жүктеп алуға болады. Жүз мың жыл бұрын Homo Sapiens

 

Стивен Р.Кови Жасампаз жандардың 7 дағдысы: Тұлғаны дамытудың тегеурінді тетіктері. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 352 б..

«Жасампаз жандардың 7 дағдысының» тұңғыш басылымы осыдан ширек ғасыр бұран жарық  көрді. Содан бері Стивен Ковидің бұл еңбегі 13 мәрте жаңартылып, 40 тілге аударылды. 70-тен аса  елде 30 миллион данамен таралған кітап №1 әлемдік  бестселлер мәртебесін иеленді. Жақсы өмірдің кілтін іздеген жасөспірімнен бастап, ісін өрге домалатқысы келетін көрнекті кәсіпкерлер мен саясаткерлерге дейін қызаға оқитын кітап миллиондаған адамның өмір сүру әдістемесіне айналды.Алдыма қойған мақсатқа жетудің жолы қандай?  Айналамен қалай қатынас жасаған абзал? Өзімнің де, өзгенің де ұпайын түгел ететін  ұтымды өмірлік ұстаным бола ма? Маңызды әрі шұғыл шаруаның  қайсысына алдымен кезек берген жөн? Күн сайын көлденең келетін жаңа сынақтарға төтеп беру үшін  өзімді қалай жетілдіремін?Әрқайсымызды мазалайтын осы секілді сұрақтарға жауап беруге талпынатын кітап көп-ақ. Соның бірі де, бірегейі – төрткүл дүниені түгел мойындатқан «…7 дағды».

 

 

Ювал Ноаһ Харари Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 368 б.

Жүз мың жыл бұрын Homo sapiens осы ғаламшарда өмір сүрген алты түрдің бірі еді. Экожүйеде горриладан, жарқырауық қоңыздан немесе медузадан артықшылығы жоқ, елеусіздеу жануар болатын. Шамамен 70 мың жыл бұрынғы Homo sapiens-тің когнитивті қарым-қабілетінің жұмбақтау өзгерісі оны ғаламшардың қожасына әрі экожүйенің тажалына айналдырып жіберді. Ал басқа түрге не болды? Ақша, мемлекеттер, діндер қашан және не үшін пайда болды? Империялар  қалай құрылды және күйреді? Неліктен барлық қоғамда әйелдерді еркектерден төмен қойды? Ғылым мен капитализм қалай ғана жаңа заманның ең басты арқа сүйеріне айналып шыға келді? Жүйткіген уақыт ағымында адамдар шынайы бақытқа кенеле алдыма? Болашақта бізді не күтіп тұр?

Кітап өткен кезеңдердің оқиғалары мен қазіргі заман мәселелері арасындағы байланысқа зер салып, оқырманды қоршаған орта туралы түсініктердің бәрін қайта қарауға жетелейді.

Осы кітаптармен ғылыми кітапхананың оқу залдарында танысуға болады.