• Kazakh
  • Russian
  • English
Virtual Exhibition 5

Уәлиев Т.О. және т.б.
Өнеркәсіп географиясы:
Окулык. / Т.О. Уәлиев, Д.І. Жангелдина, Қ. Сарқытқан, Н.М. Тұрғымбекова. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. - 376 бет.
Аталмыш оқулықта - жоғары оқу орындарының география мамандықтарында оқылатын «Өнеркәсіп географиясы» пәнінің кейбір теориялық мәселелері, оның салалық құрылымы мен орналасу ерекшеліктері, оларға әсер етуші факторлар мен даму үлгілері қарастырылған. Оқулық мазмұны болашақ географ мамандарына қажетті материалдық өндірістін ең ірі, әрі жетекші саласы жайлы географиялық білім негіздерін берумен қатар, олардың экономикалық технологиялық және экологиялық ойлау қабілеттерін шындайды.
Оқулық еліміздің жоғары оқу орындарының география мамандыктары студенттеріне арналған. Сонымен қатар, бұл окулықты магистранттар мен география пәнінің мұғалімдері қосымша оқу құралы ретінде пайдалана алады.

Каймулдинова К. Д.
Қазіргі дүние географиясы:
Оқулық. - Алматы: 2011. - 312 6.
«Қазіргі дүние географиясы» пәнінің интеграциялық мазмұны қазіргі заманғы ғаламдык, макроэкономикалық проблемалардың географиялық аспектілерін қарастыруымен анықталады. Оқулықа қазіргі кездегі географияның зерттеу әдістері, елдер мен аймақтарды оқып-уйренудің теориялық-қолданбалы мәселелері, елдердің типтері, халықаралық қатынастар мен жаһандану жағдайындағы әлеуметтік, саяси және экономикалық процестердің сипаты көрсетіледі. Оқулық жоғары оқу орындарында география мамандықтары бойынша білім алатын студенттерге арналған. Сонымен қатар, бұл оқулықты магистранттар мен география пәнінің мұгалімдері қосымша құрал ретінде пайдалана алады.