• Kazakh
  • Russian
  • English
Парасат биігіндегі ұстаз

10 ақпан күні №4 оқу залында М.Өтемісов атындағы БҚМУ педагогика және психология кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты Молдағалиев Байжан Айдынғалиұлының 70 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырылған «Парасат биігіндегі ұстаз» атты кездесу кеші өткізілді. Кешке педагогика факультетінің ұстаздары , магистранттар, кітапхана қызметкерлері қатысты.Ұлт болашағы кейінгі жас ұрпақтың бойына білім мен тәрбиені, адамгершілік пен шынайлықты,рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы әрі талапты азамат етіп қалыптастыруда ұстаздардың орны ерекше. Бүгінде ұстаз деген ұлы есімге лайық іргелі іс атқарып, өмірде де, қызметте де өзіндік орнын айқындай білген, талап пен табандылықтың жарқын үлгісін көрсеткен Молдағалиев Байжан Айдынғалиұлы жетпістің асқар шыңына шығып отыр. Мерейтой иесін Педагогика факультетінің деканы Ғабдырахманова Шынар Төлегенқызы,оқытушылар Ломоносов Илья Матвеевич, Кұлдашова Надежда Утегалиевна Нургалиев Кенес Айтжанович сөз алып саналы ғұмырын өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне арнаған ұстаз еңбегінің жемісін айта келе ұзақ ғұмыр,шығармашылық табыс, ізін жалғар саналы шәкірт тілейтіндігін айтып өтті. Магистранттар Батырбаева Жанерке, Талапқали Толғанай,Ғайнуллина Раушан, Аманқос Асылханым өздерінің ұстаздарына деген жүрек жарды лебіздерін жеткізді. Кеш кейіпкері Байжан Айдынғалиұлы сөз алып өміржолына тоқталып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ғылыми кітапхана директоры Тоты Еркінқызы Байжан Айдынғалиұлын мерейтойымен құттықтап алғыс хатпен марапаттап сый сыйапат үсынды. Кітапханашы Айташова Гүлшира «Парасат биігіндегі ұстаз» атты кітап көрмесімен таныстырып кешті қортыңдылады.