• Kazakh
  • Russian
  • English
Жаңалықтар
«Қазақтың Қадыры»

«Қазақтың Қадыры»

М. Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің ғылыми  кітапханасы  тек  Қазақстанда  ғана  емес, сонымен  қатар   шекаралас ресейлік губернияларда танымал фотограф Халелов Рафхаттың ақын Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына арналған «Қазақтың Қадыры»  атты  фотокөрмесін ұйымдастырды. Фотокөрменің авторы Рафхат Халелов  – көптеген жылдар бойы ұлы ақын – жерлесімізбен кездесіп, ақынның өмірі мен шығармашылығының ең жарқын сәттерін суретке түсірген.Кешке  қатысушы қызметкерлер, оқытушылар мен студенттер көрменің құрметті  қонақтары  Жолдықайырова  Меруерт, Әжібаев Есберген, Оңғарбеков Марат, Танабаева  Сара, Бақтияров  Құсайын, Берген Мақсоттардың әңгімелерін аса қызығушылықпен тыңдады. Шара  барысында   әнші, оқытушы Қуаншалиева Раушан «Тамды аруы» , Нұрмұханов  Қайыржан «Сыған серенадасы» әнімен қонақтарға әдемі көңіл – күй сыйлады. Ал №1 мектеп оқушысы Шапағат Аяла, № 20 мектеп оқушысы Аманғалиев Аян мен ғылыми кітапхана кітапханашысы Айымгүл Махметқызы, кітапхананың белсендіоқырманы 2 – курс студенті Изимов Ернұр ақынның поэтикалық жинағынан өлең оқыды. Кеш соңында университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Түймеш Малбағарқызы және ғылыми кітапхана директоры Тоты- Құс Еркінқызы қазақстандықтардың сүйікті ақынның сан – қырлы бейнесін ашып көрсеткендері үшін қонақтар мен кеш иесі Рафхат Халеловқа ерекше алғысын білдірді. Бұл кеш өмірдің шынайы құндылықтары туралы ой мен сөз қозғалған, ұрпақтар сабақтастығының көрнекі сабағы болды. Кездесу қазақ халқының сүйікті әні Қадыр Мырза Әли сөзін жазған «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

 

 
Парасат биігіндегі ұстаз

Толығырақ...
 
«Абайды оқы, таңырқа ...»

«Абайды оқы, таңырқа ...»

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай  М.Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Ғылыми кітапхана, Қазақ филология факультеті, «Рухани жаңғыру»  институты бірігіп ұйымдастыруымен білім алып жүрген өзге ұлт өкілдерінің арасында жыр желкенің көтерген, қара сөзден ескек ескен талантты дарын иесі, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, әндерін сазына келтіріп айту байқауы өтті. Шараға Абай өлеңдерінің үзінділерін оқыған Абай клубының мүшелері, университет студенттері мен оқытушылар  құрамы, кітапханашылар қатысты.Байқауға Педагогика, филология, тарих, экономика және құқық, мәдениет және өнер, жаратылыстану- география факультеттерінің  1,2,3 курс студенттері бақ сынады. Байқау екі кезеңнен тұрады. Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу және ақын әндерін шырқау. Осы байқауда сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, тіл тазалығы мен  сахналық шеберлігін бағалайтын әділ- қазылар алқасы Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рита Сұлтанғалиева,Ғылыми кітапхана көркем әдебиеттер абонементінің кітапханашысы Мақпал Исмагулова , Педагогика ғылымдарының магистрі, халықаралық, республикалық ән байқауларының жеңімпазы Гүлмира Өтегенова төрелік етті. Байқау нәтижесі бойынша «Сазды орындау» номинациясы бойынша Тарих, экономика және құқық факультетінің 2 курс студенті Алина Нуркатова жүлделі I орынды иеленсе, Педагогика факультетінің 1 курс студенттері Анна Латышева, Евсюкова Наталья II орынды өзара бөлісті. Ал Жаратылыстану география факультетінің 1 курс студенті Лиланна Батталова III орынның иегері атанды. «Мәнерлеп оқудан» бас жүлде филология факультетінің 2 курс студенті Людмила Дейнаның еншісіне бұйырса, Мәдениет және өнер факультетінің 1 курс студенті Руслана Хван II орынды, Ғылыми кітапхана № 2  жаратылыстану ғылымдар оқу залының тұрақты, белсенді оқырманы Жаратылыстану –  георгафия факультетінің 3 курс студенті Мадина Артаева III орынды иемденді.Сонымен бірге арнайы алғыс хатпен жүйріктер ішінен оза шапқан, ғылыми кітапхана № 4 педагогика, мәдениет және өнер оқу залының белсенді, жанашыр оқырманы «Дене шынықтыру»  факультетінің  1курс студенті Каргономцев Роман марапатталды. Аталмыш шарада «Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұлы ақынның еңбектері, қара сөздері , өлеңдері мен мерзімді басылым беттеріндегі жарияланған мақалалар тізбегі орын алды.

 

 
Тарихи роман жазудың хас шебері

Толығырақ...
 
Қазақтың дана Қадыры

Толығырақ...
 
Өсімдіктер әлемі

Толығырақ...
 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>

Страница 1 из 32