• Kazakh
  • Russian
  • English
Жаңалықтар
Ән еркесі-Ескендір

24-ақпан күні ғылыми кітапхананың №4 оқу залында Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халқының сүйікті әншісі,композитор, жерлесіміз Ескендір Хасанғалиевтың 80 жасқа толуына орай «Ән еркесі-Ескендір» атты  әдеби-сазды кеш өткізілді. Кешке педагогика,филология факультетінің студенттері , оқытушылары, кітапхана қызметкерлері қатысты. Кеш мақсаты студенттерге композитор Е.Хасанғалиевтың өміржолдары мен шығармашылығын насихаттау. Кеште педагогика факультетінің тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары Айтжанова Ақмарал Сағынтайқызы Е.Хасанғалиев туралы мәлімет беріп композитордың баласы Хасанғалиев Біржанмен бірге оқығанын айтып өтті.Кеш барысында студенттер»Анаға сәлем»әнін Тулеубаева Айдана, «Әдемі-ау» әнін Кінәмаев Ернұр, Байпатша Гулфат» «Елігім-еркем», Олжағали Арай «Сағындым сені», Сариева Жансая «Туған жер»әндерін нақышына келтіре орындады. Ескендір Хасанғалиев туралы бейнеролик тамашаланып, студенттерге композитордың өміржолдары, шығармашылығы туралы сұрақтар қойылды. Жауап берген студенттерге арнайы сыйлықтар берілді.Е.Хасанғалиевтың өміржолдарын Жайна Әбдіғани таныстырып өтсе, «Атамекен» әнінің шығу тарихын Қуаныш Гулайым , ал сұрақтарқойып жауаптарын алған студентіміз Көлдеубаева Сымбат. Кешті педагогика факультетінің деканы Ғабдырахманова Шынар Төлегенқызы қортындылап , композитордың әндері қазақ жырларының тарихында үлкен роль алып, бұдан кейін де жаңғыра беретіндігін айтып өтті. Кешіміздің соңында композитордың «Атамекен» әні барлық қатысушылардың хорымен аяқталды.

 
«Қазақтың Қадыры»

14 февраля в ЗКГУ им. М.Утемисова Научная библиотека университета организовала фотовыставку известного не только в Казахстане, но и  приграничных российских губерниях – фотографа Халелова Рафхата -   «Қазақтың Қадыры», посвященную 85 – летию поэта Кадыр Мырза Али. Автор фотовыставки, Рафхат Халелов, на протяжении многих лет встречался и сопровождал великого поэта – нашего земляка и смог запечатлеть самые яркие моменты жизни и творчества акына.С большим интересом все участники встречи – сотрудники, преподаватели и студенты – слушали рассказы почетных гостей выставки – Жолдыкаирову Меруерт, Ажибаева Есбергена, Онгарбекова Марата, Танабаеву Сару, Бактирова Кусаина, Берген Максота, которые очень тепло поделились своими светлыми и памятными воспоминаниями о друге – поэте. Куаншалиева Раушан песней «Тамды аруы», Нурмуханов Кайыржан «Сыған серенадасы» вдохновили всех присутствующих. Юные почитатели и любители творчества Кадыр Мырза Али- ученица школы №1 Шапагат Аяла, ученик школы №20 Амангалиев Аян, а также библиотекарь  Айымгул Махметқызы, студент 2 курса Изимов Ернур прочитали стихотворения из поэтического сборника акына. Проректор по воспитательной работе Туймеш Малбагаровна и директор научной библиотеки Тоты- Кус Еркиновна поблагодарили гостей и Рафхата Елжасовича за то, что они смогли раскрыть всю многогранную творческую натуру горячо любимого казахстанцами поэта.Именно фотовыставка – Халелова Рафхата позволила современникам и молодежи соприкоснуться с удивительным миром популярного и в то же время очень скромного Человека, Гражданина и Поэта – Кадыра Мырза – Али. Завершилась встреча дружным исполнением всего зала одной из любимых песен казахского народа,  на стихи Кадыр Мырза Али - песни «Атамекен».

 
Парасат биігіндегі ұстаз

Толығырақ...
 
«Абайды оқы, таңырқа ...»

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай  М.Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Ғылыми кітапхана, Қазақ филология факультеті, «Рухани жаңғыру»  институты бірігіп ұйымдастыруымен білім алып жүрген өзге ұлт өкілдерінің арасында жыр желкенің көтерген, қара сөзден ескек ескен талантты дарын иесі, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, әндерін сазына келтіріп айту байқауы өтті. Шараға Абай өлеңдерінің үзінділерін оқыған Абай клубының мүшелері, университет студенттері мен оқытушылар  құрамы, кітапханашылар қатысты.Байқауға Педагогика, филология, тарих, экономика және құқық, мәдениет және өнер, жаратылыстану- география факультеттерінің  1,2,3 курс студенттері бақ сынады. Байқау екі кезеңнен тұрады. Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу және ақын әндерін шырқау. Осы байқауда сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, тіл тазалығы мен  сахналық шеберлігін бағалайтын әділ- қазылар алқасы Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рита Сұлтанғалиева,Ғылыми кітапхана көркем әдебиеттер абонементінің кітапханашысы Мақпал Исмагулова , Педагогика ғылымдарының магистрі, халықаралық, республикалық ән байқауларының жеңімпазы Гүлмира Өтегенова төрелік етті. Байқау нәтижесі бойынша «Сазды орындау» номинациясы бойынша Тарих, экономика және құқық факультетінің 2 курс студенті Алина Нуркатова жүлделі I орынды иеленсе, Педагогика факультетінің 1 курс студенттері Анна Латышева, Евсюкова Наталья II орынды өзара бөлісті. Ал Жаратылыстану география факультетінің 1 курс студенті Лиланна Батталова III орынның иегері атанды. «Мәнерлеп оқудан» бас жүлде филология факультетінің 2 курс студенті Людмила Дейнаның еншісіне бұйырса, Мәдениет және өнер факультетінің 1 курс студенті Руслана Хван II орынды, Ғылыми кітапхана № 2  жаратылыстану ғылымдар оқу залының тұрақты, белсенді оқырманы Жаратылыстану –  георгафия факультетінің 3 курс студенті Мадина Артаева III орынды иемденді.Сонымен бірге арнайы алғыс хатпен жүйріктер ішінен оза шапқан, ғылыми кітапхана № 4 педагогика, мәдениет және өнер оқу залының белсенді, жанашыр оқырманы «Дене шынықтыру»  факультетінің  1курс студенті Каргономцев Роман марапатталды. Аталмыш шарада «Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұлы ақынның еңбектері, қара сөздері , өлеңдері мен мерзімді басылым беттеріндегі жарияланған мақалалар тізбегі орын алды.

 

 
Тарихи роман жазудың хас шебері

Толығырақ...
 
Қазақтың дана Қадыры

Толығырақ...
 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>

Страница 3 из 34