• Kazakh
  • Russian
  • English
Жаңалықтар
Өсімдіктер әлемі

Толығырақ...
 
Рухани жаңғыру 9 жаңа кітап

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру "Мемлекет басшысының" гуманитарлық білім беру. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық"  М. Өтемісов атындағы  БҚМУ-дың ғылыми кітапхана қорына ағылшын тілінен аударылған қазақ тіліндегі жаңа  9 атауы 802 дана оқулықтармен толықтырылды.

Толығырақ...
 
Лайықты марапаттар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында әріптестеріміз Тоты Алимбекерова мен  Гүлшира Айташова ректордың Құрмет грамотасы және алғыс хатымен марапатталды. Және де Г. Айташоваға, педагогика факультетінің кітапхана ісін дамытуына үлес қосқаны үшін, декан Ш.Т.Габдрахманова өз алғысын білдірді. 

Әріптестерімізді құттықтаймыз!!!

 
Іс-сапармен Нұр-Султан қаласына

03.12 - 06.12.2019 ж. Аралығында Назарбаев Университетінің кітапханасында «Жоғары оқу орнының заманауи кітапханасы: менеджмент, ресурстар, технологиялар және қызмет көрсету түрлері» атты Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру аясында оқу семинары өтті.

Семинар бірнеше блоктардан тұрды:

Блок 1. «Университет кітапханасындағы менеджмент». Бұл блокта кітапханаларда менеджердің және жобалық менеджменттің кәсіби қасиеттерін дамыту туралы тыңдадық.

Блок 2. «Ашық ғылым» және «ашық қол жетімділік» бастамалары. «Институционалды репозиторийлер». Біздерді қандай платформалар мен тіркеушілер және институционалды репозиторийді, қалай құру және жылжыту туралы ақпаратпен таныстырды.


3-блок. «Ашық ғылым» және «ашық қол жетімділік» бастамалары. Ғылыми журналдар. Біз Web of Science-да индекстелген ашық ғылыми журналдар туралы және Clarivate Analytics-тің ашық қол жетімділігі туралы саясат, жариялау үшін ғылыми журналдарды қалай таңдауға болатындығы және жыртқыш журналдарды анықтау үшін қандай критерийлер туралы білдік.

Блок 4. Қорытынды. Кітапханашының біліктілігін арттыру. БАҚ пен ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру. Барлық семинарға қатысқан қатысушыларға сертификаттарды табыстап, семинарды қортындылады.

Семинарға республикамыздың түкпір-түкпірінен әріптестер келді. Әріптесіміз олармен өте жылы, жақсы қарым-қатынас орнатты. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық сабақтарда бір команда болды.

Семинар біздің әріптесіміз үшін ұмытылмас әсер қалдырды, ол өзі үшін көптеген жаңа және пайдалы ақпаратты біліп,  оны ғылыми кітапханада жүзеге асыруға болатындығымен танысты. Алынған білім оның әрі қарай жұмысына және жаңа идеяларды енгізуге ықпал етті.

 

 
Жыл оқырман - 2019

Жастар  жылы аясында 2019 жылдың 28-ші  қараша күні Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Жыл оқырманы-2019» байқауынң марапаттау  рәсімі өтті. Марапаттау рәсімі қазылар алқасының  әділ бағасымен шешілді. Қазылар алқасында  филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы, педагогика факультетінің деканы Габдрахманова Шынар Төлегенқызы,   ғылыми кітапхана сұраныстарды қамту бөлімінің меңгерушісі Габдуалиева Акайна Окасовна, ақпараттық технология және библиография бөлімінің меңгерушісі  Джанбаева Гульмира Исатаевна өз бағаларын берді. Шара барысын кітапхана ісі мамандығының 1 курс студенті Өтеуғалиев Асхат  «Мұқағали Мақатаев: Шыда, шыда» өлеңін мәнерлеп оқыды. Көп оқылатын  7 кітап анықталған болатын соған байланысты  кітапқа көрініс жасалып жалғасын тапты. Кітап-адамның досы, ақылшысы, сырласы. Барлық қауым, барлық адамзат кітаптан білім алып, соның арқасында өркениетті дамытып отыр деген ой түйіндеп жүрген  киелі қара шаңырағымыздың бітіріп кеткен түлектері    Абатов Ханабил Нұраділұлы Л.И.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің математика факультеті МО92 магистранты, Пахман Назгүл Ермекқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика мамандығының 1 курс магистранты бүгінгі  білім алып жатырған жастарға өз сәлемдемелерін видео ақпарат түрінде жіберді. Ғылыми кітапханаға тұрақты әрі көпшілік іс-шараларға белсенділік танытып, кітап сүйер оқырмандарымыз  алғыстармен  хатпен марапатталды. «Жыл оқырман -2019» байқауында  3 номинация бойынша студенттер  анықталды. Олар Ең белсенді оқырман  номинациясын Филология қазақ тілі мамандығының 3-курс студенті Кінамаев Ернұр Серікұлы , Ең адал оқырман  номинациясын Филология қазақ тілі мамандығының 4-курс студенті Сарсенғалиева Гүлмира Сансызбайқызы, «Жыл оқырман – 2019» номинациясын Қазақ тілі әдебиеті мамандығының 4- курс студенті Шайкенов  Арман Жанұзақұлы  жеңіп алды. «Кітап- рухани  азық»  дейді  қазақ  халқы.  Кітап  оқырмандардың  жан- жақты  білімін,  ой- өрісін   кеңейтеді «Кітап адамзат   мәдениетінің  ең  ұлы  туындыларының  бірі,  кез-келген  елдің   мәдениетінің  ең  басты  рухани  ордасы — кітапхана» деп Ғылыми кітапхана директоры Алимбекерова Тоты Еркиновна өз сөзімен қорытындылады.

 
Жыл оқырманы - 2019

Толығырақ...
 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>

Страница 4 из 34