• Kazakh
  • Russian
  • English
Жаңалықтар
«Жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың жаңа түрлері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында 2019 жылдың 10-11 қазанында жоғары оқу орындары кітапханалары басшылары мен мамандарының  «Жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың жаңа түрлері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.Ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.Конференцияның жұмысына Қазақстан және Ресей жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары, облыстық, қалалық кітапханаларының қызметкерлері, колледж кітапханашылары, Мәдениет және өнер факультетінің «Кітапхана ісі» мамандығының студенттері мен оқытушылары қатысты.

Конференцияның барлық қатысушыларының сөйлеген сөздері барысында жоғары оқу орындары кітапханаларының жұмыс тәжірибесін алмасу өткізілді. Конференция қатысушыларының сөздерінде жоғары оқу орындары кітапханалары – бұл кітапхана қоғамдастығының аса белсенді бөлігі екені, мұның жоғары оқу орындары рейтингін арттыруға, қызмет көрсетуді жаңартуға, жаңа жобаларды іске асыруға  жаңа мүмкіндіктер іздеу қажеттігімен туындап отырғаны атап көрсетілді.Жоғары оқу орындары кітапханалары ұдайы даму үстінде,  инновациялық IT-технологияларды ендіруде, бар әлеуеттік мүмкіндіктерді тиімді пайдалануда, бұл озық дәстүрлерді сақтап, жоо-ның оқу процесін және ғылыми-зерттеу қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Қазіргі кезде республиканың барлық жоғары оқу орындары кітапханалары заманауи дербес компьютерлермен жоғары материалдық-техникалық жарақталғандығымен және соның негізінде автоматтандырылған технологияларды, көшірмелеу-көбейту техникасын, интерактивтік тақталарды, бейнеконференцбайланыс жүйелері мен басқа да техниканы  ендірумен ерекшеленеді. Кітапханаларда пайдаланушыларға жайлы жағдайлар жасалған. Барлық дербес компьютерлер тегін жоғары жылдамдықты Интернет желісіне қосылған, оқу залдарында Wi-Fi аймақтары орнатылған, ақпарат ресурстарына еркін қатынау ұйымдастырылған. Жоғары оқу орындары кітапханаларының көпшілігініңпайдаланушыларға қызмет көрсету жүйесінде оқырмандарды жазу, басылымдарды беру және қабылдау автоматтандырылған кітапхана-ақпарат жүйелерінің тиісті модульдерін пайдаланып, автоматтандырылған режимде іске асырылады. Кітап қорларын пайдаланушыға барынша жақындатуға жәрдемдесетін, кітаптардың сақталуы мен олардың қозғалысын бақылау, қорғау және ұрлауға қарсы функцияларды іске асыру жүйесін қамтамасыз ететін радиожиілікті сәйкестендірудің RFID-технологиялары негізінде кітапхананы автоматтандырылған басқару жүйелері ендірілуде.Конференция қатысушыларының сөздерінде жоғары оқу орындары оқу-тәрбие процесін және ғылыми-зерттеу қызметін аса толық және сапалы қамтамасыз етуге, кітапхананың рейтингін және білім беру сапасын арттыруға септігін тигізетін кітапханалардың ведомство ішіндегі, ведомстволар арасында, өңірлер арасында және мемлекеттер арасында өзара әрекеттестігін одан әрі қарай кеңейту және дамыту қажеттігі атап көрсетілді.Конференция жұмысының қорытындылары бойынша қатысушылар практикалық ұсынымдар қабылдады. Оларды іске асыру жоғары оқу орындары заманауи цифрлық кітапханасының сапалық жаңа инновациялық үлгісін құруға жәрдемдеседі, жоғары оқу орындары оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу процестерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін болады.Конференция аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті ақпараттық - білім беру орталығының директоры Есенаманова Айгүл Базарқызына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі Габдуалиева Акайна Укасовна мен Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті кітапханасының директоры  Айтманова Сәлима Ақымбайқызына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасын,  Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының алғыс хаттарымен Нургалиева Садап Суйесиновна - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасының кітапханашысы; Наугольная Алена Викторовна, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасының кітапханашысы, жас маман; Жүсіпова Ақнұрлы Сабырқызы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасының кітапханашысы, жас маман; Нурлиева Светлана Жумагериеевна – Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті ғылыми кітапханасының меңгерушісі; Куаталиева Ару Кайыржановна – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің Ақпараттық білім беру орталығының кітапханашысы; Карманова Жанара Сабитовна – Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының мектепке дейінгі,жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің әдіскері; Салихова Айнур Закариевна – Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің кітапханашысы; Есенбаева Ардак Куангалиевна – Орал ақпараттық технологиялар колледжінің кітапханашысы; Зимуханова Гульнар Тынышовна – Сырым колледжінің кітапханашысы; Тайкешева Гульнара Такиевна – Батыс Қазақстан инженерлік – экономикалық колледжінің кітапханашысы (Ақсай қаласы) марапаттап, барлық қатысушыларға Сертификат табыстады. Ал  «Үш қоңыр» -республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газеті М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Нұрлан Хабиболлаұлы Серғалиевке, «Рухани жаңғыру» институтының жетекшісі Абат Сатыбайұлы Қыдыршаевқа және Тоты Еркінқызы Әлімбекероваға алғысын білдірді.

 
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай көркемсөз оқу шеберлерінің университетішілік оқырмандар байқауын өткізеді

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

2019 жылы 30 – қазанда «Сәкен  –  жырдың сарқылмас дариясы»  атты қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай көркемсөз оқу шеберлерінің университетішілік оқырмандар байқауын өткізеді

1.Жалпы ережелері

1.Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Сәкен  –     жырдың сарқылмас дариясы» атты көркемсөз оқу шеберлерінің университетшілік байқаудың қағидалары қазақ әдебиетінде қайталанбас қайраткер, қазақтың атақты  ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына бағытталған  іс – шараларды өткізу мақсатында әзірленді.

2.Байқаудың өткізудің мақсаттары:

1) С.Сейфуллиннің шығармашылығын насихаттау;

2) көркем әдебиетті жаңғыртуды насихаттау;

3) талантты жастарды табу;

4) байқау мемлекеттік тілде өткізіледі.

5)байқауға М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік   университетінің студенттері қатыса алады.

2. Байқаудың  өткізудің тәртібі

5. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапхана және «Рухани жаңғыру» институты байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады. Байқау қазан айының 30 – жұлдызында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемемлекеттік университетінің бас ғимаратында 209 – аудиторияда өтеді. Ұсыным хат 29 – қазанға дейін қабылданады.

6. Байқау мынадай тапсырмалардан тұрады:

1. С.Сейфуллин шығармалары, өлеңдері, поэмаларынан үзіндіні  жатқа

мәнерлеп оқу;

2. Ақын туралы жазылған белгілі қайраткерлердің арнау;

шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқу (ақынға арнау);

3. Мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауы керек;

 

7. Конкурс шарттары:

Қатысушы жатқа оқитын шығарма тізімін алдын – ала қазылар алқасына берілуі тиіс;

1. Мәтіндерді жатқа оқу;

2. фонограммаларды пайдаланауға тыйым салынады.

3. Қорытынды ережелер

8. Байқауға қатысушыларының жұмыстарын бағалау және жеңімпаздарды  анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы ғалымдар , тіл мен әдебиет салаларының зиялы қауым өкілдерінен кемінде бес адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы төраға мен оның мүшелерінен тұрады.  Байқаудың женімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасының дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

9. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

  1. Көркем мәтінді оқу шеберлігі;
  2. дұрыс дыбысталуы;
  3. білім деңгейі;
  4. сахналық образ және оқу шеберлігі.

10. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марпатталады.

11. Байқаудың жеңімпаздары туралы ақпарат байқау біткеннен кейін  университеттің ресми сайтында орналастырылады.

Байланыс телефоны: +8 707 280 23 27

Эл.почта: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 
Жұлдыз шашқан жырлар

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында көтерілген  «Ұлы даланың ұлы есімдеріне» бағыты  Әбділда Тәжібаевтың есімін дәріптеу болып табылады. Биыл 2019 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ақынның өлеңдерін оқу үшін таңдалып алынған болатын. Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосып, қазақ әдебиетін биікке көтерген Әбділда Тәжібаевтың шығармалары жалпыхалықтық оқуға ұсынылды.Осыған орай  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Ғылыми кітапхана мен Қазақ филологиясы кафедрасы бірлесе отырып ұйымдастыруымен  «Бір ел – бір  кітап» жалпыұлттық оқу акциясы аясында қазақтың көрнекті ақыны, драматург, әдебиеттанушы Әбділдә Тәжібаевтың 110 жылдыгына орай «Сырда туған сырбаз ақын» атты университетішілік көркем сөз  шеберлерінің арасында мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді.Шараның ашылуында философия докторы  (PhD), аға оқытушы Айдарбек Ахметұлы студенттерге ақынның шығармашылығын насихаттай отырып келешек ұрпаққа берер мол мұрасын атап өтті. Аталмыш шараның басты мақсаты келер ұрпаққа толағай ақын, толастамас жыр иесі Ә.Тәжібаевтың шығармашылығын насихаттау арқылы патриоттық тәрбие  қалыптастыруға негізделеді. Жарысқа қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, өз шеберліктерін ортаға салды. Бірінен бірі оза шапқан таланттардың өнерін әділ-қазылар құрамы сарапқа салды.Байқау қорытындысына сәйкес бас жүлдеге  филология факультетінің 3- курс студенті Кінәмә Ернұр,  2 – орынға  құқықтану факультетінің 1- курс студенті Қайырболат  Ақтілек , 3 - орынға 1- курс студенті Максимов Заманбек пен   2 – курс студенті  Сламғали Аманжол лайық деп танылды. Женімпаздарга арнайы алғыс хаттармен дипломдар  тапсырылды.  «Сырда туған сырбаз ақын» атты кітап көрмесінде ақынның еңбектері мен Әбділдә туралы жазылған кітаптар орын алды.  Ақынның өмір жолы мен шығармалары, сын зерттеу, естеліктері көпшілікке жақсы танымал деуге болады.Әбділдә шығармаларының негізгі үлгісі, жанры – поэзия. Бұл жанрдың ішінде айқын ерекшелігі оның сыршыл, лирик ақын болуында. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ақын поэзиясын басқа бірде – бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес.Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің , кәнігі шебердің поэзиясы. Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелей отырып  келешек ұрпаққа өте мол мұра қалдырды.

 

 

 
Халықаралық ғылыми – практикалық конференция

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми – педагогикалық кітапханасы  мен

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  ғылыми кітапханасы бірігіп ЖОО кітапханаларының

басшылары мен мамандарына  «Жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың

жаңа түрлері» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференция өткізеді.

Конференция М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті  ғылыми кітапханасының қабырғасында

2019 жылдың 10-11 қазанында өтеді. Мекен – жайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 162.

Байланыс телефондар: 8(7112) 51-29-88, 87058107174, 87718669977, 87081863489

 
Қазақстанда «Жастар жылы» жариялануына байланысты М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасы «Ең үздік оқырман» байқауын өткізеді.

Қазақстанда «Жастар жылы» жариялануына байланысты М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасы «Ең үздік оқырман» байқауын өткізеді.

Жеңімпаздарды іріктеуге қойылатын талаптар:

Толығырақ...
 
Видеоинструкции ЭБС «Лань»

Мы подготовили новый формат информационных материалов для Ваших читателей: видеоинструкции по ключевым возможностям, сервисам и модулям электронно-библиотечной системы «Лань» и тур для новых пользователей.

Видеоинструкции

Короткие справочные видеоинструкции расскажут о работе с электронной библиотекой:

  • Поиск
  • Регистрация
  • Личный кабинет
  • Мобильные приложения
  • Модуль РПД

Вы можете показать наши видео на встречах и занятиях со студентами и поделиться ссылкой на инструкции с теми, кто по каким-либо причинам не смог посетить библиотеку.

Тур

После очередного обновления системы запущен тур по ЭБС «Лань», который даст Вашим читателям (преподавателям, студентам) информацию о нашей системе в сжатой форме. Подробные инструкции — на своем прежнем месте, в справочном разделе «Помощь».

Желаем Вам успехов в реализации научной и образовательной деятельности!

Мобильное приложение, созданное для быстрого и удобного доступа к ЭБС и доступным читателю материалам:

— Работа с документами в режиме оффлайн на весь срок действия подписки организации
— Для операционных систем iOS и Android
— Воспроизведение книг, адаптированных для незрячих
— Синхронизация с личным кабинетом в ЭБС
— Информация о сроке действия личного кабинета

Скачайте приложение

С Уважением, ЭБС «Лань»
e.lanbook.com
Телефон: (812) 412-54-93
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>

Страница 8 из 36