• Kazakh
  • Russian
  • English
Жаңалықтар
Ұстаз - ұлағатты есім

Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз  – тағылымы ең  терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.


Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күншуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
– деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, жүзі жайдарлы ұстаздардың бірі , ғалым, филология  ғылымының кандидаты , доцент, өлкетанушы 40-тан аса ғылыми  еңбектің, соның ішінде облыстағы жер-су атауларының этнолингвистік ерекшеліктерін тануға арналған монография кітаптың авторы.  «Батыс Қазақстан облысының топономиясы», арнаулы курстың бағдарламасы, «Ақжайық өңірінің топономиясы», «Батыс Қазақстан облысы жер-су атауларының сөздігі», «Қазіргі қазақ тілі» (фонетика) курсы бойынша бақылау-жаттығулар жинағының қылқалам иегері, киелі қара шаңырағымыздың түлегі Ержанова Ұлдай Рысқалиқызы еді.

25 – қараша күні университетімізде Ержанова Ұлдай Рысқалиқызының мерейлі 60- жасқа толуына орай  кездесу кеші оздырылды. Кеш шымылдығын  М. Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, парасат ордерінің иегері Асхат Сәлімұлы сөз сөйлеп кеш шымылдығын ашты.  Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Осы шараны жүзеге асыру барысында ғылыми кітапхана  ұжымы  кітаптары мен зерттеулеріне  арналған «Ғалым. Ұстаз. Тұлға» атты көрме ұйымдастырып, көрермен назарына ұсынды.             
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, аяулы да ардақты  ұстаздарымыз аман болсын.

Толығырақ...
 
Ел ағасы 60 жаста! Рахымжан Отарбаевпен кездесу кеші

Өнер адамзат бойына дарыған дарын. Рахымжан Отарбаев бір қасиетті алып күштің иесі, қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі, «Өрал өңірі» газетінің тілшісі, «Жайық жыры», «Дауысынды естідім» және тағы басқа   прозалық жинақтар мен «Нұржауған-ғұмыр», «Сырым батыр» сынды пьесаларының  қаламгер иесі, Махамбет сыйлығының лауреаты, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Айтматов академиясының академигі, «Ақжайық KZ» журналының бас редакторы, киелі қара шаңырағымыздың  түлегі.

Толығырақ...
 
1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

Елбасыма арнау
Еліміз – дүрсіл қаққан жүрегіміз
Елбасы – ел қалауы тірегіміз
Туымыз биіктерде желбіресін
Тәңірге қабыл болып тілегіміз

Толығырақ...
 
Қазақстан егемен елдігім менің

«Рухы бір – қандас, жүрегі бір – жандас» дейді дана халық. Егер егемендік тұсында елдігі бекем, тұғыры биік жұрт болсақ, оған сіздердің де қосқан үлестеріңіз қомақты деп білемін. Халқымызда «Теңдес ағайын баспанасымен, дербес халық астанасымен мақтанады» деген сөз бар. Келген қонақ үйге кіріп, иесін сынаса, өзге жұрт ордасын көріп, елін таниды. Сол сияқты қай қазақтың да «жан-жүрегім» деп марқаятын да, «өз сарайым» деп айта алатын да дарабоз, ақордалы, биік, бәйтеректі, самалдай, кең шатырлы Астанасы бар, тәуелсіз Қазақстаны бар. Тәуелсіздіктің қадірі, бостандықтың қасиеті, Отан деген ұлы ұғым – осы.

Толығырақ...
 
«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» өлеңдер мен дастандар жинағын оқуға арналған әдеби кеш

«Сорғалаған нөсердей жырын тыңда Дулаттың...»    
«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Дулат Бабатайұлының  «Өсиетнама» өлеңдер мен дастандар жинағын  оқуға арналған әдеби кеш                

Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел-бір кітап 2016» акциясына,   ұйымдастыру комитетінің отырысында оқырмандардың ең көп дауыс жинауына байланысты, «2016 Жыл кітабы» болып қазақ әдебиеті  тарихында көрнекті орын алатын  ірі ақындардың бірегейі -  Дулат Бабатайұлының  «Өсиетнама» өлеңдер мен дастандар жинағы  таңдалып алынды.

Толығырақ...
 
М. Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдары әлемдегі нөлдік емес импакт-факторлы көшбасшы ғылыми журналдарда

Әлемде ғылым мен ғылымның даму үрдісі бет алып келеді. Әлемдік ауқымды ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми журналдар, ең беделді жоғары оқу орындары күн сайын, сағат сайын ғылымның дамуына адамзат үшін зор үлес қосуда. М. Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдары мен қызметкерлері дүниежүзілік ғылыми техникалық ақпарат ресурстарына қол жеткізе отырып,(Thomson Reuters, Springerlink, Polpred, Oxford university press, Willey  online Library, Taylor &Francis Journal Platform) әлемдік көшбасшы ғылыми басылымдарға мақалалар жариялау арқылы отандық ғылыми-ақпараттық жолдарды кеңітуде және қазақстандық ғылыми журналдардың шетелдік мәліметтер базасына қосылу үшін   журналдардың мазмұн сапасының жақсаруына зор үлестерін қосуда.

Толығырақ...
 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>

Страница 9 из 27