• Kazakh
  • Russian
  • English
Жаңалықтар


Қазақтың қылқалам шебері – Әбілхан Қастеев

2019 жылдың 7 ақпан күні суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 115 жыл толуына орай «Қазақтың қылқалам шебері - Әбілхан Қастеев» атты әдеби – сазды кеш өткізілді. Кешке бейнелеу өнері және сызу мамандығының І, ІІ, ІІІ курс студенттері, кураторлары Молдашова Бақытгүл Әбілқайырқызы, Испанова Айсана Төлеуқызы қатысты.

Толығырақ...
 
Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, студенттер мен магистранттар!

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасыбойынша 100 жаңа оқулық қолға алынды. Стивен Кови мен Ювал Hoaһ Харари еңбектері қазақшаға аударылды. Қазіргі заман кітаптары арасынан қазақшаға аударуға жастардың пікір алуандығын туғыза алатын қос автор арнайы таңдалған. Екі автордың шығармалары – Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» және Ювал Ноаһ Хараридің «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» кітабы қазақ тіліне аударылды.

Толығырақ...
 
Құрметті оқытушылар, ғалымдар, қызметкерлер, студенттер мен магистранттар!

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. «Жаңартылған білім жүйесі – сапаға бағытталған бағдарлама». Осыған байланысты М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапхана қорына 0,1,2,3,5,6,7,8 сыныптарға арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мектеп оқулықтары мен жұмыс дәптерлері, сондай-ақ «Атамұра», «Мектеп», «Алматыкітап» баспалары шығарған оқытушыларға арналған әдістемелік құралдар түсті.

Сіздерді ғылыми кітапхананың оқу залдарында жаңартылған мектеп оқулықтарымен танысуға шақырамыз.

 
Кітап – асыл да сарқылмас рухани қазына

Елімізде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске асырылуда. «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған 17 кітаптың 1504 данасы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасына келіп түсті. Осы жоба негізінде ғылыми кітапхананың 4 оқу залында психология саласына арналған Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психологияға кіріспе» 11-басылым, Дэвид Дж. Майерс «Әлеуметтік психология» 12-басылым, Дуэйн Щульц, Сидней Эллен Шульц «Қазіргі психология тарихы» 11-басылымдары бойынша кітапханашы Г. Шаденова библиографиялық шолуы өтті.

Толығырақ...
 
Халқының дара туған перзенті

Ұлттық әдебиетіміздің жаңа кезеңі ХХ ғасыр басындағы дәуірдің шындығын, қоғамдық ой – пікірдің дамуын, әдебиетті жаңа сатыға көтерген ірі суреткер, реалист ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жыл толуына орай М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапхананың ғалымдар залында «Мәңгі өшпес жарқын жұлдыз» атты әдеби кеш өткізілді. Аталмыш шараға оқытушылар құрамы мен филология, математика факультеттерінің студенттер құрамы қатысты. Әдеби кештің мақсаты Ұлы тұлғаның өлеңдері арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Шара барысында филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Шаекенов Жангелді Жұмақайұлы ақынның өмірбаяны мен көп қырлы және түрлі жанрдағы бай мұрасы мен өлеңдерінің жастарға берер мол мұрасымен бөлісті.

Толығырақ...
 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>

Страница 4 из 35