• Kazakh
  • Russian
  • English
Жаңалықтар


«Кітап-тарих, шежіре!»

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласы жарыққа шыққаны бәрімізге мәлім. Елбасымыз болашақ жастардың қолында, әр азамат туған тарихын, мәдениетін, білім мен ғылым жолында ізденпаз тұлға болуы міндетті деп атап өткен болатын. Кітап – нәзік те, тұнық әлем! Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. 1995 жылы 23 сәуір - «Дүние жүзілік кітап күні» деп жарияланды. Міне, содан бері бұл күн Ресейде, Германияда, Америкада, т.б шетелдерде  және өзіміздің Қазақстанда да өте жоғары деңгейде аталып өтілуде. Кітаппен жақын болғанның қашанда жолы – даңғыл. Ғылыми кітапхана  ұжымы 20 сәуір күні М. Өтемісов атындағы БҚМУ бас ғимараттың №209 дәрісханасында «Дүниежүзілік кітап пен авторлық  құқықты қорғау күні»   аясында «Кітап-тарих, шежіре!» атты шарасы  жүзеге асырылды. Шара кездесу мен ашық сұхбат ретінде  оздырылды.

Толығырақ...
 

 
1 Наурыз алғыс айту күні

Алғыс айту  күні – ұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Алғыс айту күні – күрделі заманда нық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Осы орайда М.Өтемісов атындағы БҚМУ – тің Ғылыми кітапхана ұжымы 22-ші ақпан күні бас ғимараттың №209 дәрісханасында Алғыс айту күніне орай көп балалы ата-аналарға арналған  «Ата-анаға мың алғыс» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Толығырақ...
 
«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - жас ұрпаққа тарихи сабақ

8 ақпан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Ғылыми кітапхана мен «Рухани жаңғыру» институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымы өтті. Жиынның ашылуына университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты Олег Юров аталмыш оқу орнында дәстүрге айналған Елбасымыздың жолдауын сараптап талдау жасалатынын атап өтті. Өскелең ұрпақтың өз Қазақстан дәуірінің тарихын білу мен қатар құрметтеуді, жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені қалыптастыруды маңызды екенін жеткізді.

Толығырақ...
 
Құрметті көшбасшылар, студенттер, оқытушылар!

Біздің мекемеге 04.03.2018 дейін IPR электронды кітапхана жүйесіне қол жетімділік берілді.

EBS IPRbooks - біздің білім беру мекемеде оқыған бағыттары бойынша лицензиялық білім беру және ғылыми әдебиеттерді, мерзімді басылымдарды, аудиокітаптарды, бейне курстарды, on-line тестілерді біріктіретін бірегей ресурс. Бүгінгі күні платформадағы жарияланымдардың саны 118 мыңнан асты.

EBS IPR кітаптары сіздің оқуыңызды оңай және қызықты етеді! Платформада интернеттегі қоғамдық доменде табылмайтын ең көп таралған кітаптарды таба аласыз. IPR кітаптарымен жұмыс істеу кезінде сіз оқуға ұсынылған басылымдарды іздеуге және сатып алуға уақыт пен ақшаны үнемдей аласыз. Сонымен қатар, кез-келген құрылғыдан күнделікті тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, ешқандай шектеусіз кітап жүйелері мен толық мәтіндеріне қол жеткізуге болады.

Толығырақ...
 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>

Страница 7 из 36