• Kazakh
  • Russian
  • English
Жаңалықтар


Сталинград шайқасына 75 жыл

Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. Ұлы Отан соғысының ауыр күндері болып табылатын бұл шайқас тура 200 күнге (1942 жылғы 17 шілде – 1943 жылғы 2 ақпан) созылды. Кеңес әскери өнерінің салтанат құрғанын танытқан Сталинград шайқасындағы жеңіс сонымен бірге антигитлерлік коалицияның нығая түсуіне және фашистік блок ішінде алауыздық тууына тікелей әсер етті. Биыл Сталинград шайқасындағы жеңіске 75 жыл толып отыр. Осы оқиғаны еске ала отырып, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасы әкімшілік ғимарат пен «Тарих, экономика және құқық» факультеті дәлізінде кітап көрмесін ұйымдастырды. Мұғалімдер мен студенттер Сталинград шайқасына арналған кітаптар мен мақалалар арқылы ауыр қанды соғыс кезінде Қазақстан халқының батырлығы мен ерліктерімен жақынырақ танысты.

 
Университеттік кітапханалар қауымдастығының кәсіптік қызметі (конференциялар, семинарлар, курстар)
Толығырақ...
 
Ғылыми кітапхана 2018 жылдан бастап төмендегі көрсетілген басылымдар тізіміне жазылды:
Толығырақ...
 
«Ар-намысым, қасіретім, қуанышым-Желтоқсан»

Тәуелсіздік қасиеті мол ұғым. Тәуелсіздік – кез келген адамның, ұлттың, халықтың, елдің еркіндігі. Өзінің алдында дербестігі. Сол баға жетпес Тәуелсіздік күніне орай М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен студенттер жатақханасының қабырғасында «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым-Желтоқсан» атты тақырыбында кеш өткізілді.Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз студент жастарымызды отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулап отырып туған жеріне деген сүйінішпеншілігін ояту, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.

Толығырақ...
 
Елбасы тарих толқыны

«Ойы озақтың –пікірі терең, сезімі сергектің –көзі қырағы», деген аталы сөз бар.Осы сөзге лайық Елбасы алысты болжай отырып, адамзат ұмтылысының ең ізгілікті құндылықтары - адам құқы, теңдігі, еңбекке, өсуге мүмкіндігі, өркенді тұрмысы, денсаулығы мен білім алуы жолында аянбай еңбек етуде. Дана бабамыз Жүсіп Баласағұн:

Толығырақ...
 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>

Страница 8 из 36