• Kazakh
  • Russian
  • English
Қасым Аманжоловқа 100 жыл

Ғылыми кітапхана қабырғасында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен қатар келген, дауылпаз ақын, тереңде тұнып жатқан дауыл жырдың иесі Қасым Аманжоловтың 100 жылдық  мерейтойына арналған әдеби сазды кеш болып өткізілді.

Ақын өлеңдерінің қазақ халқының рухани дамуында алар орны зор екендігін, өлеңімен өмірін өрнектей отырып артына өшпес мұра қалдырғанын жастардың бойына сіңіру мақсатында өткізілген кешке университет проректорлары Ә.Мұқтар, Т.Даришева, ғалым-ұстаздар С.Шарабасов, З.Мүтиев, Ж.Шайекенов, А.Ниязғалиева, А.Медешова, Б.Өмірзақов, Р.Сұлтанғалиева т.б., сондай-ақ жүректері жырға жақын студенттер мен кешті ұйымдастырған кітапхана қызметкерлері қатысты.
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Берекенова Нұржауған, Қауен Айгерім, Қатжанова Гүлбар, Илашева Перизат, Кенжебай Райхан сынды өнерлі студенттер қазақтың дарабоз ақыны өр дауысты ғажап ақын Қасым Аманжоловтың бір топ өлеңдерін оқыды.
Қ.Аманжолов қазақ тіліне аударған «Ах, Самара-городок» атты орыстың халық әнін студент Амангельдиева Гүлжанат тарту етсе,  ұстаздар бірлесе «Жасдәурен» әнін шырқады.
Қасым-өзінің өртке тиген өлеңдерімен ізгілікке тәнті болып, бүкіл қазақ халқының асқақ рухын аспанға көтерген ақын.

Қасым Аманжоловқа арнаған қазақ ақындарының өлеңдерін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Әмірашев Нүркен, Зайнуллина Таңшолпан жатқа айтып берді.
Қасым Аманжоловқа арнаған өз туындысымен қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті Базарбаев Азаматтың өлеңі кеш қонақтарын ерекшк ықыласқа бөледі. Ғалым-ұстаздар жас ақынға ақ жол тіледі.
Толастаған ақпараттар заманында интернет желісі арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын сайттар легімен таныстырылып, виртуалды көрме ұсынылды. Ән мен жырға толы ақын Қасым Аманжоловқа арналған әдеби кеш әсерлілігімен ерекшеленді.