• Kazakh
  • Russian
  • English
«Тәуелсіздік – ел тұғыры» көрмесі

Университет ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты 23 - 26.11.2011 ж. күндері  аралығында  «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты кітап көрмесін өткізді.

Көрме мынадай бөлімдерден тұрды: «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары», «ЖОО Қауымдастығы оқулықтары», «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік», «Өнер-еліміздің сарқылмас байлығы», «Мәдени мұра», «Тәуелсіздік тірегі–ұлттық тіл», «Казахстан-ОБСЕ», «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы», «Желтоқсан - Елдікке бастаған егемендік».
Көрменің мақсаты: Кітап арқылы еліміздің экономика, өнер, білім, саясат пен мәдениеттің қалыптасу мен даму кезеңдері, 20 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерін көрсету.
Көрменің мазмұны: Көрмеге университет кітапханасының қорынан мынадай басылымдар қойылды: кітаптар, журналдар, электронды ресурстар, БҚМУ ғалымдарының еңбектері, мемлекеттік нышандар. Көрмеге қойылған басылымдар ҚР тәуелсіздік жылдарындағы тарихи даму жолдарын, мемлекеттің пайда болуы мен дамуын, білім беру, Қазақстан халықтарының мәдениетін, өнердегі қол жеткізген жетістіктерін суреттейді.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуының басында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұрды. Елбасымыздың басшылығымен негізі қаланған мемлекеттілігіміздің заң негіздері, нарықтық экономикадағы, Тәуелсіз Қазақстанның даму стратегиясы, ішкі саяси және саяси тұрақтылығы бүкіләлемдік назарға ие болды.
«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары» бөлімінде Елбасымыздың еңбектері мен жұмыстары, Елбасына арналған кітаптар, Елбасымыздың ел басқару жолындағы дамуы туралы еңбектер қойылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған бөлімде түрлі басылымдар және кітаптармен қатар, 1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының билікке қарсы көтеріліске шығуы туралы баяндалған кітаптар да қойылды.
Қазақстан  -  өзінің төлеранттылығы мен  этника аралық татулығын бүкіл әлемге көрсетіп отырған полиэтникалық мемлекет. Көпұлтты Қазақстанда Қазақстан Халықтар Ассамблеясының жұмыс тәжірибесі ерекше қызығушылыққа ие. Қазақстан Конституциясының  44-бабына сәйкес қоғамның консолидациясы мақсатында Ассамблея Мәжіліс депутатығына сайлануға құқылы делінген. Бұл ірі ұлттардың пікірімен санасу болып табылатындықтан конфессияаралық және ұлтаралық бейбітшілікті сақтау кепілі болып саналады.
Сонымен қатар көрмеге жаңа буынның 2011 жылғы ҚР ЖОО Ассоциациясынан жарық көрген мемлекеттік тілдегі кітаптар, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шығарылған басылымдар, Қазақстанда демократиялық қалыптасу жағдайы туралы материалдар, мемлекеттің ішкі саяси жетістіктері, тәуелсіз Қазақстанның  ЕҚЫҰ төрағалығы туралы біртуар кітаптар қойылды.
Көрмені «Кітапхананың басылымдары» бөлімі  аяқтайды. Бұл бөлімге университет кітапханасынан шыққан библиографиялық көрсеткіштер қойылды. Соның ішінде ерекше орын алатын «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 2 бөлімнен тұратын «Тәуелсіздік-барлық қазақстандықтардың киелі кұндылығы» және  «Мемлекетіміздің басты байлығы-сапалы білім» атты библиографиялық көрсеткіші болды. Көрсеткіш тәуелсіздік туралы, Қазақстанның білімі және ғылымына байланысты 775 атаудан тұрады.
Кітап көрмесіне 500-дей баспа басылымы қойылып, 1000 жуық оқырман тамашалай алды.