• Kazakh
  • Russian
  • English
«БҚМУ ғылымның шыңында»

Көрменің негізгі мақсаты Тәуелсiз Еліміздің 20 жыл уақыт аралығында М.Өтемiсов  атындағы БҚМУ профессор-оқытушыларының ғылым саласындағы табысы мен жетістіктерін көрсету, шығармашылықтарын насихаттау.
Мерекелік көрменің «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары» бөлімінде Елбасымыздың еңбектері, Елбасына арналған кітаптар, Елбасымыздың ел басқару жолындағы дамуы туралы кітаптар қойылды. Ал, «БҚМУ ғалымдарының еңбектері» атауымен университеттің профессор-оқытушыларының кітаптары, диссертациялары мен еңбектерінен құралған арнайы кітап көрмесі оқырмандар  назарынан тыс қалмады.