• Kazakh
  • Russian
  • English
Қ.Т. Өтегенованың мерейтойына арналған шара

Ғылыми кітапхананың ғалымдар залында филология факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Өтегенова Қарлыға Тасқалиқызының мерейтойына арналған шара болып өтті.

Ғылыми кітапхананың ғалымдар залында филология факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Өтегенова Қарлыға Тасқалиқызының мерейтойына арналған шара болып өтті.
Бұл шараны Ғылыми кітапхана куратор Г.Г. Турганалиева және 002101, 02130, 02105 топтарымен бірлесе өткізді. Шараға оның «Мемлекеттік тілде оқытпайтын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының барлық курсында оқитын 20 студент, «Тілдерді оқытудың практикалық курсы» кафедрасының оқытушылары, доцент О.В.Опря, қазақ филологиясы кафедрасының профессоры С.К.Шарабасов және т.б. қатысты. Мерейтой иесіне ізгі-ниет құттықтаулар, алғыс сөздер айтылды.
Қарлыға Тасқалиқызы өз ортасында өзінің ой-өрісімен, терең ақылымен, еңбексүйгіштігімен, жұмыс істеу қабілетімен, айнымас көзқарасты қасиеттерімен ерекшеленеді.
Қ.Т.Өтегенованың кандидаттық диссертациясы БҚМУ аспирантурасында жазылып, Москвадағы Білім берудің ұлттық проблемалары институтының қабырғасында табысты қорғалған. Осы тұрғыда Қарлыға Тасқалиқызы өзінің ғылыми және этикалық ұстанымын, парасаттылығын көрсетті.
Қарлыға Тасқалиқызы орыс тілінің әдістемесі кафедрасының профессоры Р.А.Абузяровтың орнын алмастыруға келген меңгерушілердің ішіндегі ең үздігі болды.
Орыс тілінің практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқара жүріп, Қарлыға Тасқалиқызы авторлық ұжымды өзі басқарды. Оның жетекшілігімен ЖОО арналған орыс тілінің практикалық курсы оқулықтары, электронды оқулықтары, қашықтан оқытуға арналған оқулықтарының негізінде барлық ұжым әдістемелік құралдарын құрастырып, жасады. Міне осылай, Қарлыға Тасқалиқызы кредиттік жүйе бойынша оқуға ауысуды қамтамасыз етті. Кафедра оқытушылары, мектеп мұғалімдері Қарлыға Тасқалиқызының жетекшілігімен өткізілген ғылыми–практикалық конференцияларда өздерінің тәжірибелерімен бөлісе отыратын.
Қ.Т.Өтегенованың ғылыми зерттеу жұмысында ерекше кезең оны педагогикалық институттың директоры етіп тағайындағаннан кейін басталды. Өзіне тән алғырлықпен Қарлығы Тасқалиқызы қазіргі заман мектебінің басты міндеті:  мұғалім мамандығының мәртебесін, беделін әсіресе мектеп оқушыларының алдында көтеруді шешуге кірісті. Жоба жоғарғы органдар тарапынан аса көңіл бөлуді талап етті. Жобаның іске асырылуына жақсы жағдайлар туғызылған сайын, мұғалімдер де және біздің болашағымыз да ұтатындығын місе тұтты.
Соңғы уақыттарда педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Т.Өтегенова университетті көтеруде, жаңа тың ойларды халықаралық деңгейде жүзеге асыруда көмектесеуде тікелей қызметтерді атқарып жүр.
Осылайша, Қарлыға Тасқалиқызы Г.Тоқайдың 125 жылдығына арнап Тоқайдың Еуразиялық орталығының қызметі туралы доклад жасап, тыңдаушылардың жоғары бағасын алды. Конференциядан кейін Қарлыға Тасқалиқызы басты бағыттарының бірі - барлық пәндерді үйрену процессінде жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру болып табылатын консорциум құру жөнінде БҚМУ мен Казан федералдық университеті мен ТР тіл тарихы мен әдебиеті ҒА арасында келісім туралы келіссөз жүргізуді бастады.
Қарлыға Тасқалиқызының 100 дей ғылыми еңбегі бар.
Ғылыми кітапхана ұжымы атынан Қарлыға Тасқалиқызын шын жүректен құттықтай отырып,  зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.