• Kazakh
  • Russian
  • English
Б.В. Улановтың мерейтойына арналған шара

Ғылыми кітапхананың ғалымдар залында М. Өтемісов атындағы БҚМУ доценті, физика-математика ғылымының кандидаты Уланов Борис Васильевичтің мерейтойына арналған шара болып өтті.

2012 жылдың 30 қаңтар күні ғылыми кітапхананың ғалымдар залында доцент, физика-математика ғылымының кандидаты Уланов Борис Васильевичтің мерейтойына арналған шара өткізілді. Шараны ғылыми кітапхана мен филология факультететінің 1 курс магистранты О.Голубовамен бірлесе ұйымдастырды. Шараға университеттің 20дан астам магистранттары, «Математика» мамандығы бойынша білім алып жатырған 3 курс  студенттері, физика және математика факультетінің меңгерушісі А.А.Кульжумиева, кафедраның аға оқытушысы З.Ж.Жұбанышева және т.б. қатысты.
Борис Васильевич мектепті алтын медальмен бітіріп, М.Ломоносов атындағы МГУ-ді үздік аяқтаған. 1982 жылы ССРО  ҒА жүйелiк зерттеулердiң бүкiл одақтық ҒЗІ аспирантурасында «Применение координатно–параметрических обратных связей в задачах управления динамическими системами, поврежденными параметрическим и внешним воздействиям» тақырыбына диссертациясын сәтті қорғады. 1982 жылдан А.С.Пушкин атындағы педагогикалық университетте жұмыс істеп бастады. 2010 ж. Борис Васильевич физика және математика факультетінің меңгерушісі болды.
Мерейтой иесіне «Математика» мамандығының 2 курс магистранты З.Мухамбетова, 3 курс студенті Е.Стульников студенттер тарапынан жылы лебіздерін білдірді. Өз өмір жолы туралы әңгімелей отырып, Борис Васильевич қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Талантты, жоғары білімді адамның өз мамандығына деген қызығушылығы, өз мамандығының қыр-сырын зерттеп білуі болашақ мамандарды қызықтыра түсті. 
Борис Васильевтің ғылыми еңбектері тоқтап қалмайды, табиғатындағы тумысымен бізді әлі де таңғалдырмақ. Қазіргі таңда Борис Васильевичтің 50 ге жуық ғылыми еңбектері, жарияланымдары бар.
Ғалымдар залында ғалымның ғылыми еңбектерінен арнайы көрме
жасақталды.
Ғылыми кітапхана ұжымы атынан Борис Васильевичті шын жүректен құттықтай отырып,  зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.