• Kazakh
  • Russian
  • English
Кітап көрмесі

ҚР Президентінің 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауын насихаттау бағытында университет ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге еліміздің әлемдік деңгейдегі саясатын, ел экономикасы дамуының негізгі бағыттарын көрсететін мемлекетіміздің ресми құжаттары, кітаптар мен газет-журнал мақалалары қойылды. «Жолдаудың жарқын бағыты», «Ұлт көшбасшысы –Н.Ә. Назарбаев», «Әлемдік білім беру жүйесі», «БҚМУ әлемдік білім беру деңгейінде» атты арнайы тақырыптармен ерекшеленген көрмеде Елбасымыздың сарабдал саясатындағы нақты мақсаттары көрсетілді.