• Kazakh
  • Russian
  • English
Аға оқытушы, доцент Ирина Михайловна Коленконың 60 жылдық мерейтойына арналған мерекелік кеш

Ғылыми кітапхана қабырғасында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 80-жылдығына орай аға оқытушы, доцент Ирина Михайловна Коленконың 60 жылдық мерейтойына арналған мерекелік кеш өтті.
Аға оқытушының ғылыми еңбектері, құрмет грамоталары, алғыс хаттары, дипломдары және тағы басқа жетістіктерін ашып көрсеткен «Блестящий организатор и универсальный мыслитель» атты көрме ұйымдастырылды.
Шараға басқа кітапханадан келген қонақтар, кітапхана ісі және библиография мамандығының 4 курс студенттері, университетіміздің 1 курс магистранттары, театрлық-хореография және кітапханатану  кафедрасының меңгерушісі Қ. Д. Айтқалиева, кафедраның аға оқытушылары Ы. Есенқызы, С.М. Сатығалиева, М.Г. Мұқанова және т.б. оқытушылар қатысты.
Мерекенің басты қонақтары ұстаз ретінде бірінші қадам жасауға көмектескен, Өнер институтының  қалыптасу кезеңіндегі барлық қиындықтары мен қуаныштарын бірге көрген Ирина Михайловнаның бірінші түлектері қатынасты (1991-1995 жж). Олардың көпшілігі туған институттың қабырғасында білім алу арқылы еңбек жолында биік шыңдарға қол жеткізген. Солардың қатарында Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі З.О. Нарудинова, Музыкалық колледжінің кітапханасының меңгерушісі Б.С. Құлмағамбетова, Ғылыми-техникалық кітапханасының директоры Н.А. Мондағалиева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының директоры Т.Е. Алимбекерова және сол кітапхананың  қызметкері С.Т. Сакаева сияқты  кітапхана қызметкерлері аянбай еңбек етіп жүр.
Ирина Михайловнаның қысқаша өмірбаянын, оның педагогикалық қызметін және шығармашылығын, ғылыми-педагогикалық жетістіктерін, шәкірттерімен бірге атқарған жұмыстарын ашып көрсететін слайд көрсетілімі ұйымдастырылды. 
Құттықтау сөзімен өз алғысын білдіру үшін мерейтой кешінің қонақтары театрлық-хореографиялық өнері мен кітапханатану кафедрасының меңгерушісі Қ.Д. Айтқалиева, С. Ж. Нурлиева, З.А. Жумашева, Ю. Кривенко, Р.О. Абуова сөз алып лебіздерін білдірді.
Барлық қалалық кітапхана қызметкерлері әдістемелік көмегі мен үйреткен игі істері үшін Ирина Михайловнаға өз алғыстарын білдірді.
Мерейтой кешінің соңында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапхана директоры Т.Е. Алимбекерова кітапхана ұжымы атынан алғысын білдіріп, ұстазына  сыйлық ретінде өмірі мен шығармашылығына арналған  библиографиялық көрсеткішті табыс етті.