Базы данных








 

Кітапхана тарихы

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кітапхана тарихы 1932 жылдан бастау алады. Ғылыми кітапхана-университеттің оқу процесіне қажетті оқулықтармен қамтуда, ақпарат таратушы құралдардың барлық түрлерін оқырмандарға ұсынуда  білім мен ғылымның мәдени - ақпарат орталығы.
Кітапхана тарихы Орал педагогикалық институтының құрылуымен тығыз байланысты. 1932 жылы Орынбор реалдық училищесі негізінде 7500 том кітап қорымен құрылып, алғашқы меңгерушісі И.Лапатухин  болған.
18-19 ғасырдағы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар кітапхана қорының бірегейі. Сирек кездесетін кітап қоры:  «Революцияға дейінгі Ресей энциклопедиялары мен энциклопедиялық сөздіктер», Ресей Мемлекетінің тарихы, әмбебап библиографиялық коллекциялары, «Пушкиниана» және ежелгі славяндық жазбадағы ескерткіштер.

30-40 жылдары кітапхана өз қорын 40 000 данаға көбейтіп, кітапханада оқу залдары ашыла бастады. Оқу бөлмелерінде көшпелі - кітапхана ұйымдастырылады.
Ұлы Отан соғысының ауыр да, қиын жылдарында педагогикалық институт кітапханасы өзінің басты міндеті – оқу барысында қажетті оқулықтар мен ақпаратпен қамтамасыз етуді тоқтатқан жоқ. Соғыстың қиын кездеріне қарамастан кітап қорын сақтап қалуға күш жұмсады.
50-60 жылдары ірі үлкен кітапсақтау қоймасы институт кітапханасына айналып, кітап қоры 200 мың данадан асып, оның 30 мың данасы кафедра кабинеттеріне берілді.

Көптеген жылдар бойы кітапханаға басшылық еткен Л.А. Чеботарева, Е.М.Савельева, Н.А.Мамонов, Л.С.Матушкиналар өмірлерінің барлық саналы ғұмырларын осы салаға арнаған. Университет кітапханасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан Л.А. Александрованың еңбегін айта кеткен жөн.
70-80 жылдары кітапхана жоғары оқу орнының ғылыми оқу-көмекші және мәдени орталығына айналды. Жаңа түрдегі жұмыс бағыттары енгізіліп, кітап қоры толығып жатты. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсету мен   әдебиеттерді насихаттаудың барлық жаңа түрлері мен әдістерін  жетілдіріп, жан-жақты пайдалана бастады.
1990 жылдары  кітапхана рухани және зияткерлік қатынаста білім таратушы негізгі орталық болып қалыптасты. Кітапхана қалыптасқаннан бері жоғары оқу орындарының ғалымдары беделін көтеру мақсатында «Университет ғалымдарының ғылыми еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші» алғаш рет жинақталып шығарылды.             
2000 жылдары дәстүрлі әдістер мен қызметтерді сақтай отырып, университет кітапханасы заманға сай өз қызметін жаңа инновациялық технологиямен жалғастырды. Университет кітапханасының кітапханалық-библиографиялық процесіне ақпараттық технологиялар ене бастады. Дәстүрлі каталогпен (алфавиттік және жүйелі) қатар электронды каталог «Библиотека 5.2» бағдарламасы бойынша жұмыс жасай бастады. Кітапхана қоры жаңа электронды басылымдармен толығып, электронды база құрылды. Оқырмандар электронды каталогты пайдаланып, оқу үрдісіне қажетті электронды оқулықтарды, аудио-видео материалдарын қолдана бастады. Кітапхана заманауи ақпараттық технологиялармен жабдықталды. Олар: жаңа толқындағы компьютерлер, принтер, сканер, ЭларПланСкан «А» сериясы, видеопроектор. Жаңа технологияларды пайдалана отырып кафедралармен бірлесе түрлі сабақтар өткізіледі. Пайдаланушыларға Интернет желісі ұсынылған. Университет сайтының білім порталында ғылыми кітапхана өз электронды ресурстарымен қатар, ғылыми кітапхана өнімдерін топтастырған. Жаңа әдебиеттердің виртуалды көрмесі, БҚМУ ОПҚ еңбектерінің көрсеткіші, БҚМУ «Хабаршысы» журналының электронды нұсқасы сайттың «Электронды кітапхана» айдарында орналасқан.
Бүгінгі таңда М.Өтемісов атындағы БҚМУ Ғылыми кітапханасы – университет орталығына айналып, пайдаланушыларды ақпаратпен қамтуда ИСО 9001-200 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес жұмыстануда.
Ғылыми кітапхана тарихы және оның жетістіктері – статистикалық  жұмыс көрсеткіштері емес, ең алдымен осы кітапханада ондаған жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан: Г.З.Таушева, Г.Т.Бурекешева,  С.С.Кисекова, М.Ж.Кененова, Е.Г.Герасимова, А.О.Габдуалиева, М.Г.Исмагулова, М.Н.Днгалиева, Г.А.Мыңжасарова, Г.Б.Днекешева сынды кітапханашылардың еңбектері. Кітапхана саласына бар күші мен сүйіспеншілігін арнаған университеттің өз түлектері:Т.Е. Алимбекерова, Т.С. Нашинова,  Г.К. Таржманова, Г.И. Джанбаевалар еңбек етуде.