«Elsevier BV» компания өкілдерінің Elsevier платформасын қолдану туралы оқыту семинары |
24 қыркүйек күні университеттің мәжіліс залында «Elsevier BV» компания өкілдерінің Elsevier платформасын қолдану туралы оқыту семинары өтті. Семинарға Ғылыми-техникалық ақпараттар қамтамасыз ету департаментінің директоры - Акоева Инесса Георгиевна және «Elsevier BV» компаниясының өкілі - Шилибекова Ұлжан Сенбекқызы қатысты. Семинар төмендегідей бағыттарда жүргізілді: Диссертацияларды тіркеу және құжаттарды дайындау. Жоспарлы көрсеткіштерді, жылдық және тоқсандық есептерді ресімдеу. Мекемелер мен ұйымдарға мемлекеттік стандарт талабына сай әдістемелік көмек көрсету. - SCIENSE DIRECT, SCOPUS: осы облыстағы ең қызықты мақалаларды іздеу, іздеу нәтижелерін тіркеу, есеп берулер. - SCOPUS бағдарламасымен байланысып, жеке кітапхана мен библиографиялық тізімдерді құру; интерактивті мәліметтер базасын құру және бүкіл әлемдегі кітапхана каталогын құру; - SCIENSE DIRECT: мақалаларды іздеу, ғылыми журналдарды іздеуді жазу және нәтижесін экспорттау, импакт-факторлы журналдарда өз мақалаларын қалай құру; - Publications мәліметтерінен қалай экспорттау керектігі. Семинарға университет проректорлары, факультет декандары мен оқытушылары, магистранттар, бөлім қызметкерлері қатысты. Оқыту семинарына қатысушыларға сертификат берілді. |