"THOMSON REUTERS" компаниясының оқыту семинары |
Қазан айының 22-жұлдызы күні университеттің мәжіліс залында «Ғылыми–техникалық ақпарат Ұлттық орталығының» АҚ ақпараттық қолдауымен «THOMSON REUTERS» компаниясының Импакт-факторлы журналдарда мақалаларды жариялау туралы туралы оқыту семинары болып өтті. Оқыту семинарын клиенттерді қолдау және оқыту маманы, х.ғ.к. Сергей Парамонов жүргізді.
Бүгінде оқыту семинарында мерзімді басылымға мақала жариялау үшін Journal Citation Reports платформасын қолдану туралы, соңғы ғылыми зерттеулердің бағыттарын айқындау үшін Web of Knowledge платформасын қолдану аясы туралы, Импакт-факторлы журналдарда мақалаларды жариялау және іздеу, сұрыптау т.б. мәселерді айқындады. Thomson Reuters компаниясының мәліметтер базасы презентациясын жүргізді, журналға қалай ғылыми мақалаларды беру туралы ақпаратпен таныстырды. JournalCitationReports мақалаларды іздеу, ғылыми журналдарды іздеуді жазу және нәтижесін экспорттау туралы мәліметті ұсынды. Сондай-ақ импакт-факторлы журналдарда өз мақалаларын топтастыру, Импакт-факторды өзінше түсіндіру және қалай қолдану туралы ақпаратты кеңінен ұсынды. Теориясы мен практикасын баяндап берді. EndNoteWeb бағдарламасы арқылы жарияланатын мақаланы дайындап, библиографиялық тізім жасауды, автор бойынша мақалаларды қарау статистикасын алу және ResearcherID ғалымының визит карточкасын дайындау туралы ақпараттарды жеткізді. |