• Kazakh
  • Russian
  • English
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне 80 жыл

23 қараша күні еліміздегі ҚазПИ-ден кейінгі екінші ашылған педагогикалық институт, батыс аймағындағы алғашқы жоғары  білім ордасы қазіргі М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 80 жылдығын атап өтті. Мерейтойға орай университеттің жаңартылған мұражайының,  «Махамбет»  ақпараттық технология паркінің және жаңа студенттер үйінің ашылу рәсімімен қоса, «БҚМУ-ға 80 жыл: өрлеу биігі, самғау сатысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тарихи көрмеде БҚМУ-дың тарихы мен даму барысын қамтитын кітаптар қойылды.
Көрме аясында 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  орай еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған әдебиеттер қойылды. Солардың ішінде Елбасымыздың өмірбаяны, жазған кітаптары, Қазақстанның тағдырында айрықша орын алып, дамуына ықпал еткен оқиғалар жинақталған әдебиеттер қойылған. Келесі бөлімде БҚМУ БАҚ және баспа орталығында  жарық көрген университетіміздің  оқытушы- профессорлар құрамының еңбектері мен монографиялары, түрлі олимпиадаларда, байқауларда, жарыстарда орын алған студенттердің грамоталары мен дипломдары қойылды. БҚМУ ғылыми кітапханасы электронды оқу залы қорының бір бөлігі қойылған көрмеде оқытушы-профессорлар құрамының электронды оқулықтары қойылды.