• Kazakh
  • Russian
  • English
Хабарландыру!

Құрметті оқытушылар, магистранттар! «Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарының Қауымдастығы» MIG21 Scientific LLC американдық компаниясымен «Қазақстан Республикасында көптілдік біліктілікті дамыту мақсатында өзара серіктестік» туралы меморандумға қол қойғандығы туралы сіздерге хабарлаймыз. Осыған орай сіздің АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония және Австралия елдерінің баспаларына өзіңіздің оқулықтарыңызды жолдауларыңызға толық мүмкіндіктеріңіз бар.
MIG21 Scientific LLC  америка баспасы ағылшын тіліне аудару бойынша қызмет көрсетеді, сонымен қатар АҚШ-та және әлемнің басқа елдерінде ағылшын тілінде оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми монографиялар және тағы басқа ғылыми кітаптарды  ағылышын тілінде басып шығарады.
Қазақстан Республикасында көптілділік біліктілікті арттыру мақсатында  Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарының Қауымдастығы  Компаниямен серіктес бола отырып төмендегідей қызмет көрсетеді:
1. Оқулық мәтінін ағылышн тіліне аудару, рецензиялау(пікір жазу) және форматтау.
2. Оқулықты әлемдік деңгейде басып шығаруға дайындау (АҚШ-та, Батыс Еуропада, Жапонияда және Австралияда)
3. Оқулықтың әлемдік деңгейде басып шығарылуы (АҚШ-та, Батыс Еуропада, Жапонияда және Австралияда)
Жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері оқулықтарды,  сонымен қатар оқу құралдарын, монографияларды және тағы басқа кітаптарды басып шығару үшін ұсынылады.
Төменде көрсетілген кестеде қызмет көрсету құнының үлгісі ретінде берілген. Қызмет көрсетудің нақты құны тапсырыстың мазмұнымен танысқаннан кейін ғана белгілі болады. Аударма құны тапсырыс мазмұнының ауқымына, көлеміне, белгіленген уақытына, мәтіні мен ерекшелігіне байланысты.

Бұл әлемдік және қазақстандық ғылым мен  білімнің дамуы үшін бағытталған серіктестік.

Қосымша ақпаратты Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript .электронды  мекен-жайдан ала-аласыз.