• Kazakh
  • Russian
  • English
Қазақстан - 2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Ақпан айының он екісінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  ғылыми кітапханасы мен ЖОО-дан кейінгі дайындық бөлімінің  ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылауға  арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл басқосуға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми істер және халықаралық    байланыстар жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор Ә.Қ.Мұқтар, т.ғ.к., тарих және құқық факультетінің деканы С.М.Ғиззатов және магистранттар мен студенттер қатысты.

Алғысөз айту үшін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры т.ғ.д., профессор   Ә.Қ.Мұқтарға берді:  «1997 жылы Елбасымыз 2030 стратегиясын қабылдаған болатын, міне, сол бағдарлама мерзімінен бұрын өз мәресіне жетіп, яғни өз жемісін беріп, қазіргі таңда «Қазақстан - 2050 стартегиясын»  қабылдап отырмыз. Мемлекет алдында тұрған ең басты мақсат, ғылымды дамыту болып отыр. Экономикалық-әлеуметтік жағдайды дамытатын тек ғылым, ал ғылымды жасайтын жастар» деп студенттерге өз ойын тастай отырып, Елбасымыздың «Болашақ» бағдарламасы, «2050 стратегиясы»  болашақ үшін, жастар мүддесі үшін жасалып отырған дүние екендігін атап өтті. Сонымен қатар өз сөзін қортындылай келе, әрбір тұлға, жастар Елбасы Жолдауын өз жүректерінен,  ой елегінен өткізе отырып, жодастарыңызға насихаттап жүрсеңіздер,  нұр үстіне нұр болар еді деген тілекпен аяқтады.
Келесі сөз т.ғ.к., тарих және құқық факультетінің деканы С.М.Ғиззатовқа берілді  «Н.Ә.Назарбаев Жолдауындағы білім, ғылым және жастар мәселесі» бойынша өз ойын ортаға тастай отырып, қазіргі таңда университет студенттеріне  шет елдерде білім алуларына  толық мүмкіндік жасалып отырғандығын, Польша, Германия, Корея елдерінен дайындық курстарынан өтуге студенттердің мүмкіндігінің мол екендігін атап өтті.
Одан әрі басқосуды  тарих мамандығының 1 курс магистранты
С. Сақауова «Білім  беру саласындағы  әлеуметтік  жауапкершілік жүйесін дамыту» атты  баяндамасын Елбасы сөзімен жалғастырды. Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу  керек екендігін, «Қазақстан-2050» жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап  халықаралық үлгідегі  куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және  заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету туралы тапсырма берілгендігі туралы мәліметтер берді
Сонымен қатар «Инновациялық  зерттеулерді  дамытудың  жаңа  саясаты» баяндамасы бойынша тарих мамандығының 1 курс магистранты 
А. Жаркемалиева  бас қосуда өз ойымен бөлісіп, пікір алмасты.
Басқосуды одан әрі «Жаңа  Қазақстандық  патриотизм»  атты баяндамамен тарих мамандығының 1 курс магистранты  Г.Жуматаева жалғастырды : «Бабалар жүріп өткен жолдың тарихи тағылымы, бізге береке бастауы – ел бірлігінде  екендігін айқын көрсетіп берді. Осы орайда халқымыз  береке мен бірлігі жарасқан, достық пен татулықты ту еткен ел екендігіміздің айқын дәлелі ретінде  тұңғыш ел Президентін сайлаған сәтте Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Дана бабалар дәстүрімен осы салтанатты сәттегі сөзімді алдымен ата – жұртыма, қасиетті халқыма арнаймын! Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағына да  тәуекел деп бас тігуге дайынмын. Бұл жолда ең алдымен дана халқыма, дархан еліме, ата бабаның аруағына сүйенемін. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін. Сенімнен айырылмайық,  бауырларым!»деп ел мен халқы алдында берген анты нағыз патриоттық сезімнің, Отанға, халқына деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі ретінде баршамызға үлгі болып қана қоймай, «Қазақстаным!» деп соққан әрбір абзал жүректі жылытып, халықтың жадында мәңгі жатталып қалды. Осы орайда, біз Президентіміздің Отанға, халқына адал қызмет етуінің жарқын мысалы ретінде  Байқоңырдан – Бәйтерекке дейінгі аралықтағы қол жеткізген табыстарымызды мақтанышпен айта аламыз» дей келе, өз сөзін біз, жастар, осындай тағылымды тарихы, кемеңгер басшысы, жарқын болашағы бар елдің азаматы болғанымызды мақтан етіп қана қоймай, «Елім мен үшін не істеді?» деп емес, «Мен елім үшін не істей аламын» дей отырып, еліміздің жарқын болашағы жолында бар күшімізді жұмсап, еңбек етуіміз керек  екендігін айта келе, өз сөзін  «Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей» деп  дана халқымыз айтқандай, патриотизмге тәрбиелеу шаралары әр отбасынан бастау алып, балабақшаларда жалғасын  тапса екен деген тілекпен аяқтады.
Одан әрі  тарих мамандығының 1 курс магистранты Г. Бержанова «Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлығы» атты баяндамасымен және экономика мамандығының 1 курс магистранты А. Шарипова «Ел  экономикасы  дамуының  басты  кепілі - шағын  бизнесті дамыту» атты баяндамаларын талқыға салып, пікір алмасты.
Сонымен қатар студенттер арасынан осы отырыстан түйген өз ойын айтуға биология мамандығының 2 курс студенті Ранова Балзияш латын әрпіне көшу мәселесі жөнінде өз ойын ортаға сала отырып, «бұл біз үшін жақсы бастама егер біз бірігіп жұмыла жұмыс жасасақ, бұл мәселе де біз үшін алынатын қамал екеніне сенемін, еліміздің болашағы, көркеюі үшін жақсы бастама деп ойлаймын» дей келе, БҚМУ ғылыми кітапхана директорына  және кітапхана ұжымына алғысын айтып, осындай шаралар жиі болса  студенттер үшін игі бастама болар еді деген өз ұсынысын ортаға салды.
Басқосу соңында педагогика және психология мамандығының 1 курс магистранты А.С. Жақсығалиева өз сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөзімен тәмамдады: «Алда тұрған сын белестерден білекке — білек, жүрекке — жүрек, тілекке — тілек қоса білсек қана, абыройлы өте аламыз». Келген қонақтарға  алғыс  айтып, отырысты қорытындылау үшін БҚМУ ғылыми кітапханасының  директоры Т.Е.Алимбекерова сөз алып, қонақтар мен қатысушыларға  өз алғысын білдірді.


Ғылыми кітапхана