THOMSON REUTERS онлайн-семинардың кестесі 25-29 наурыз 2013 жыл |
2012 жылдан бастап университетіміз Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен электрондық толық мәтінді шетел деректер базасын пайдалануға мүмкіндік алды. Осыған орай наурыз айының 25-29 аралығында ғылыми зерттеулеріне арналған Thomson Reuters компаниясының он-лайн семинарына қатысуға шақырамыз. Семинарға қатысу үшін сізге семинардың басталуына 30 минут қалғанда М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасының 102 электронды оқу залына келіп тіркелулеріңіз сұралады.
Хабарландыру! Семинар аяқталған соң сіздің қатысушы сертификатын алуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін семинарды толықтай тыңдауыңыз керек (90% кем болмауы керек). Семинарға қатысушыларға базалық және кеңейтілген мүмкіндіктер бойынша жеке сертификаттар беріледі; әрине бұл тек тіркелген жағдайда ғана жүзеге асады. Әрбір сессияның ұзақтығы 1 сағат көлемінде болады. |