• Kazakh
  • Russian
  • English
Новости


Reading is the best Teaching!

Reading is the best Teaching!

On November 28 at the WKSU named after M. Utemisov, the awarding ceremony for the best readers of 2019 was held, which became a kind of minute of fame for the nominees. The organizer of the event is the Scientific Library of WKSU named after M. Utemisov. The library is a cultural center that promotes a life path to science and education.The purpose of the competition is to show interest in reading books and the formation of an intelligent culture among students, the allocation of time for reading books in their lifestyle. The number of readers per year is 5850. For the year, the Scientific Library issues about one million books, the number of visits is 650,200 people.As a result of the event, Kinamaev Yernur won in the nomination “Most Active Reader”. He is interested in diverse literature, most of all loves to read classics. “The most loyal reader” was named Sarsengalieva Gulmira, who read 140 books. In the nomination "Reader of the Year - 2019", Shaikenov Arman was declared the winner. He not only reads a lot, but also takes an active part in the life of the library. Winners and participants of the competition were awarded with diplomas and prizes.

 

 
Кітапхана – ұлттық тәрбиенің қайнар көзі

Кітапхана – ұлттық тәрбиенің қайнар көзі

Жастар  жылы аясында 2019 жылдың 28-ші  қараша күні Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Жыл оқырманы-2019» байқауының марапаттау  рәсімі өтті. Марапаттау рәсімі қазылар алқасының  әділ бағасымен шешілді. Қазылар алқасында  филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы, педагогика факультетінің деканы Габдрахманова Шынар Төлегенқызы,   ғылыми кітапхана сұраныстарды қамту бөлімінің меңгерушісі Габдуалиева Акайна Окасовна, ақпараттық технология және библиография бөлімінің меңгерушісі  Джанбаева Гульмира Исатаевна өз бағаларын берді. Шара барысын кітапхана ісі мамандығының 1 курс студенті Өтеуғалиев Асхат  «Мұқағали Мақатаев: Шыда, шыда» өлеңін мәнерлеп оқыды. Көп оқылатын  7 кітап анықталған болатын соған байланысты  кітапқа көрініс жасалып жалғасын тапты. Кітап-адамның досы, ақылшысы, сырласы. Барлық қауым, барлық адамзат кітаптан білім алып, соның арқасында өркениетті дамытып отыр деген ой түйіндеп жүрген  киелі қара шаңырағымыздың бітіріп кеткен түлектері    Абатов Ханабил Нұраділұлы Л.И.Гумилеватындағы Еуразия ұлттық университетінің математика факультеті МО92 магистранты, Пахман Назгүл Ермекқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика мамандығының 1 курс магистранты бүгінгі  білім алып жатырған жастарға өз сәлемдемелерін видео ақпарат түрінде жіберді. Ғылыми кітапханаға тұрақты әрі көпшілік іс-шараларға белсенділік танытып, кітап сүйер оқырмандарымыз  алғыстармен  хатпен марапатталды. «Жыл оқырман -2019» байқауында  3 номинация бойынша студенттер  анықталды. Олар Ең белсенді оқырман  номинациясын Филология қазақ тілі мамандығының 3-курс студенті Кінамаев Ернұр Серікұлы , Ең адал оқырман  номинациясын Филология қазақ тілі мамандығының 4-курс студенті Сарсенғалиева Гүлмира Сансызбайқызы, «Жыл оқырман – 2019» номинациясын Қазақ тілі әдебиеті мамандығының 4- курс студенті Шайкенов  Арман Жанұзақұлы  жеңіп алды. «Кітап- рухани  азық»  дейді  қазақ  халқы.  Кітап  оқырмандардың  жан- жақты  білімін,  ой- өрісін   кеңейтеді «Кітап адамзат   мәдениетінің  ең  ұлы  туындыларының  бірі,  кез-келген  елдің   мәдениетінің  ең  басты  рухани  ордасы — кітапхана» деп Ғылыми кітапхана директоры Алимбекерова Тоты Еркиновна өз сөзімен қорытындылады.

 
Жыл оқырманы - 2019

Read more...
 
Book exhibition - it is always necessary and interesting

Read more...
 
Saken Seyfullin is an inexhaustible source of poetry.

Read more...
 
<< Start < Prev 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Next > End >>

Page 1 of 36