• Kazakh
  • Russian
  • English
Жаңалықтар
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»: библиографиялық шолу. Кітапханашы Садап Нұрғалиева

 
2020 жылы түскен жаңа кітаптарға библиографиялық шолу. Кітапханашы Жүсіпова А.

 
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында

Әріптесіміз Нұрғалиева Садап Сүйесінқызы ректорымыз Нұрлан Хабиболлаұлы Серғалиевтың Алғыс хатымен марапатталды.  Садап Сүйесінқызы ортамызда 12 жылдан астам жұмыс атқаруда. Өзі адал, ықыласты, сенімді. Орындалатын жұмысы нәтижелі, жұмысын толық әрі ескертусіз орындай білетін, сауатты, кәсіби маман. Әріптесімізді құттықтаймыз!

 
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы мәдени шығармашылық бағыттағы кинотану, сценарий жазу, театртану, музыка тарихы мен өнертану оқулықтары.

М.Өтемісов  атындағы Батыс Қазақстан университеті Ғылыми кітапханасы және мәдениет және өнер факультеті, хореография және мәдени тынығу жұмысы кафедрасы, "Кітапхана ісі", "Режиссура"  мамандықтарының студенттері қатысуымен "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясындағы оқулықтардың таныстырылымы оздырылды. Еліміздің мәдени шығармашылық бағыттағы оқу орындарының ұсынысы бойынша, бұл жолғы аударма аясында кинотану, сценарий жазу, театртану, музыка тарихы мен өнертану бағытындағы оқулықтарға басымдық берілді. Атап айтсақ, француз философы Жил Делөздің «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт-бейне» атты екі томдық, киноны философиялық шығарма тұрғысынан таныстыратын классикалық туындысы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді. Сондай-ақ, «Киносценарий. Сценарий жазу негіздері», Семен Фрейлихтің «Кино теориясы: Эйзенштейннен Тарковскийге дейін», Д.Бордуэлл бастаған авторлардың қырық жылдық ізденісінен туған «Кино өнеріне кіріспе» туындысы, Томас Эльзессер мен Мальте Хагенердің «Кино теориясы. Сезім тұрғысынан кіріспе» деп аталатын еңбектері. Музыкатану бағытында Кембридж университетінің баспасы дайындаған «Музыка тарихы» деп аталатын екі томдық жинақ, Кристофер Балмның «Театртану», Юрий Боревтің «Эстетика» оқулықтары және «Этика теориясы мен қазіргі мәселелері» еңбектері.  Медиаға арналған мәтін жазу қағидаларымен таныстыратын «Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу» оқулығы да алғаш рет қазақ тіліне аударылды, оқырмандарға жол тартты.

Шара басында Ғылыми кітапхана директоры сөз сөйлеп, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы 2017 жылдан бастап іске аса бастағанын, қазіргі таңда  88 атауы кітапхана қорына келгенін баяндады. https://100kitap.kz/,https://openu.kz сайттарына сілтеме жасап, таныстырып өтті. Таныстырылым барысында аға-оқытушылар  А.С. Аханова мен И.И.Искакова жоба туралы мағлұмат беріп, кітаптарға шолу жасады.

 
Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуы орай "Абай дана - Абай дара қазақта" атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу. Кітапханашы Нұрғалиева С.С.

https://youtu.be/PwGY9fooULo



 
Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай "Дархан даланың екінші ұстазы" атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу. Кітапханашы Мазимова Р.

https://youtu.be/rhhOAQFSbdo

 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>

Страница 3 из 37