• Kazakh
  • Russian
  • English
Жаңалықтар
Taylor&Francis Group компаниясына тегін қол жеткізу

Taylor & Francis Group компаниясы 2020 жылдың 22 желтоқсанына дейін университетіміздің зерттеушілері үшін журналдарға тегін қол жеткізуді ұсынады. https://www.tandfonline.com/ Логин мен парольді 217 ауд. кітапханадан алуға болады. (бас ғимарат) немесе телефон бойынша 87718669977

 
Электронды ресурстар

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы өзінің электронды ресурстарын тегін ұсынады. Электронды ресурстарды пайдалану үшін тіркелу қажет. Логин мен парольді біздің кітапханадан алуға болады, 217 каб (бас ғимарат) немесе 87718669977 телефоны арқылы

 
Мерейлі жас

Құрметті Гүлсара Кенжайқызы!

М. Өтемісов атындағы БҚУ ғылыми кітапхана ұжымы   Сізді  50 жас мерейлі  тойыңызбен шын жүректен  құттықтай  отырып, деніңізге саулық, ұзақ  ғұмыр, отбасыңызға бақыт  тілейді!

Кітапханалық еңбек жолын 1991-1997 жылдары Чапаев аудандық орталықтандырылған кітапханада қітапханашы қызметін атқара келсе, 2005 жылдан бастап қазірге дейін университетіміздің ғылыми кітапханасында абыроймен жұмысын атқаруда. Гүлсара Кенжайқызы 1989-1991 жылдары Орал мәдени- ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» мамандығын, 2006 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Кітапханатану және библиография»  факультетін тәмамдады.

Оқырмандармен тез тіл табысып, жұмыс жоспарына сай еңбек етеді. Өз ісіне деген қызығушылығы, икемділігі, кітапханатану саласындағы білімі жоғары сатылардан көрініп, кітапхана жұмысын жандандырып, қыры мен сырын игеруге, оқырмандарға мәдениетті де, сапалы қызмет көрсетуге жұмыстануда. Адал еңбек етіп магистранттар, студенттердің алдында беделді. Университеттегі барлық профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен студенттерді әр саладағы оқулықтармен қамтамасыз етеді. Барлық білім саласы бойынша алынған әдебиеттер жүйелі түрде қорға енгізіліп, оқырмандарға насихаттайды.  Әр тақырыпқа сай айтулы күндерге арналған кітап көрмелері сұранысқа сай жасақталып, университет оқытушылары мен студенттер сұранысына ие болуда. Кітапхана қорын сақтау мақсатында жүргізілген көшіру жұмыстары кезінде белсенділік танытып, айтарлықтай істер атқарды.

Гүлсара Кенжайқызы отбасында сыйлы, екі бала тәрбиелеп, немере сүйіп отырған үлгілі ана.

 
Ғылыми кітапхана қорына сыйға тартылды

Ғылыми кітапхананың қоры Самат Бақытжанұлы Құрманалиннің сыйға тартқан «Кіші жүз және Есет Көтібарұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс (1847-1858)»монографиясымен толықтырылды. Самат Бақытжанұлы Құрманалин тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері. 1994 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих факультетін үздік дипломмен бітірген.

Монографияда ХІХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы патшалық Ресейдің отарлық саясатына қарсы шыққан қазақ жамағатының күресінің заңдылығы айқындала түседі. Біріңғай тарихи құбылыс болған,ХVIII ғасырдың ортасынан басталып, ХХ ғасырдың басына келіп тірелген, одан әрі «Алаш азаттығы» феноменін қалыптастырған, тіпті ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының аяғынан 1986 жылға дейін созылған, осыншалықты ұзақ дәуірге жеткен азаттық күресінің тарихындағы атақты батыр, даңқты би Есет Көтібарұлы бастаған ұлттық қозғалыстың шежіресі баяндалады.

Монографиямен оқу залдарында және БҚУ электронды кітапханасында цифрлық форматта танысуға болады.

 
Құрметті студенттер және оқытушылар!

Ғылыми кітапхана пайдаланушылардың электрондық кітапхана ресурстарымен тиімді және ыңғайлы жұмыс істеуі үшін РМЭБ сайтының редизайны жасалғанын хабарлайды.

Сайттың негізгі функциялары (іздеу, журналдар, видеолекциялар, біз туралы жаңалықтар, Статистика, Сұрақ-жауаптар) өзгеріссіз қалды.

«Біз туралы» / «РМЭБ қатысушылары» бөлімінде - Қазақстан Республикасы университеттерінің ресми сайттарына сілтемелер қосылды (оның ішінде М. Өтемісов атындағы БҚУ).

Электрондық кітапхананың толық мәтінді ресурстарына тікелей біздің кітапханадан және қашықтықтан 2 жолмен қол жеткізуге болады:

1) ашық қолжетімділік режимінде Жеке кабинет арқылы.

Сайтта тіркелуге ЖОО-ның корпоративтік электрондық поштасы бар РМЭБ қатысушы ЖОО-ның студенттері, ПОҚ-ы, қызметкерлері жіберіледі. Тіркелу үшін пайдаланушы сайтта нысанды толтырады, жеке кабинет – пайдаланушының жұмысы үшін жұмыс кеңістігін жасайды (http://rmebrk.kz/ulogin).

2) «Вконтакте» әлеуметтік желісіне тіркелу арқылы, қарау және оқу режимінде.

Барлық сұрақтар бойынша Гульмира Исатаевна Джанбаеваның ұялы телефонына хабарласыңыз: 8-771-866-99-77

 
Әріптесімізді құттықтаймыз!!!

Ұлттық жазылым аясында Clarivate Аnalitics халықаралық компаниясы онлайн форматта Web of Science ақпараттық-талдау платформасының құралдары бойынша сертификаттау бағдарламаларын өткізді. Сертификаттау бағдарламасы Web of Science негізгі ресурстарын пайдалану, сондай-ақ ғылымиметрикалық сауаттылық саласында сертификатталған мамандар мен сарапшыларды даярлауды қамтыды.Сертификаттау бағдарламасына  М. Өтемісов атындағы БҚУ ғылыми кітапханасының қызметкері,  ақпараттық – талдау ресурстарымен кәсіби жұмыс істейтін ГҮЛМИРА ИСАТАЙҚЫЗЫ ДЖАНБАЕВА қатысты.

Джанбаева Гульмира Исатайқызы Web of Science ақпараттық-талдамалық платформасы саласындағы сертификатталған сарапшы ретінде оқуды аяқтап, ерекше үлгідегі сертификатқа ие  болды.

 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>

Страница 4 из 37